Батыс Қазақстанда мас жүргізушілерге қарсы рейдтер күшейтілді

Батыс Қазақстан облысының полициясы 1 125 мас жүргізушіні жолдан шеттетіп, жол апаттарының алдын алды, деп хабарлайды ИА NewTimes.kz Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Фото: пресс-служба акимата Западно-Казахстанской области
Фото: пресс-служба акимата Западно-Казахстанской области

Биыл жыл басынан бері облыста мас күйде көлік басқарған 1 125 жүргізуші анықталды. Оның 1 035-і жауапкершілікке тартылса, 90-ы бұрын көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан рульге отырған. Полиция олардың әрі қарай көлік жүргізуіне тосқауыл қойды.

Мас жүргізушіні дер кезінде тоқтату ауыр жол-көлік оқиғаларының алдын алуға мүмкіндік береді. Мәселен, Оралда бір жүргізушінің бір түнде алты құқық бұзушылық жасағаны тіркелді.

3 қазанға қараған түні Төле би көшесінде патрульдік полиция «Hyundai Tucson» автокөлігін тоқтатпақ болған. Алайда жүргізуші полиция талабына бағынбай, қашуға тырысқан. Көлік тоқтатылған соң оның бағдаршамның тыйым салынған сигналына екі рет өткені, жол белгілерін бұзғаны және қарсы бағыттағы жолаққа шыққаны анықталды. Медициналық куәландыру оның алкогольдік масаң күйде болғанын растады. Сот шешімімен жүргізуші 18 тәулікке қамалып, 7 жыл 6 айға көлік басқару құқығынан айырылды.

Мұндай деректер халықаралық маңызы бар автожолдарда да кездеседі. «Орал – РФ шекарасы» автожолында тоқтатылған «Lada» көлігінің жүргізушісі шетел азаматы болып шықты. Медициналық тексеру оның мас күйде болғанын растады.

30 қазанға қараған түні «Орал – Озинки» тасжолында тіркемесі бар Mercedes-Benz жүк көлігі тоқтатылды. 46 жастағы шетелдік жүргізушінің алкогольдік масаң күйде болғаны анықталып, сот шешімімен ол 15 тәулікке қамалды. Жүк көлігі арнайы тұраққа қойылды.

Жуырда түнде тоқтатылған Lada Largus автокөлігінің 1996 жылы туған жүргізушісі есірткіге масаң күйде болған. Оның бұған дейін 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылғаны да белгілі болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«1 125 мас жүргізушінің жолдан шеттетілуі – қауіпті қозғалыстың алдын алуға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі. Полицияның дер кезінде әрекет етуі жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қорғауға мүмкіндік береді», – деді Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің Ақпараттық саясат бөлімінің бастығы, полиция майоры Жазира Кенже.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0