суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-8oC
×

Сексеуілдік оқушыларға арнап жаңа мектеп салынады

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Арал ауданына жасаған сапары барысында Сексеуіл кентіне арнайы аялдады. Аймақ басшысы кенттегі жаңадан салынатын мектептің аумағымен, жұмыс жоспарымен танысты.

Бүгінде темір жол бекетінде 15 мыңға жуық халық тұрады. Онда 3 мектеп бар. Алайда, темір жолдың арғы бетінде тұратын 360 оқушы жолдың бергі жағында орналасқан мектептерге қатынау үшін темір жолдың үстімен өтуге мәжбүр. Осы мәселенің шешімін табу үшін жаңа мектеп құрылысына қажетті құжаттар әзірленді. Жобаға ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан қолдау жасалып, мамыр айынан бастап мектеп құрылысы басталатын болды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сексеуіл стансасындағы мектепке жету үшін темір жолдардан өтуге мәжбүр балалардың мәселесін шешуді тапсырды. Бұл — өзекті мәселе. Сол себепті Үкімет нақты шаралар қабылдады. Жаңа оқу жылында оқушылар заманауи мектепте білім алады деп сенеміз. Қаржы бөлінді. Енді тек жұмыс жасау қажет», — деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0