«Нұрлы жер»: Қызылорда облысында 6400 тұрғын үй салынады
Қызылорда облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 784 мың шаршы метр немесе 6400 тұрғын үй салу міндеті тұр.

Фото: inform.kz
Биылғы І тоқсанда салаға 6,4 млрд теңге инвестиция бағытталып, жалпы ауданы 130,3 мың шаршы метр болатын 922 жеке үй пайдалануға берілді.
Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылорда облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 9,6 млрд теңгеге 47 жоба іске асырылып, 1385 адам жұмыспен қамтылады.
Кредиттік немесе жалға берілетін 873 пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 22 жобаны іске асыру үшін 5,3 млрд теңге қарастырылған. І тоқсанда бұл мақсатқа 60 млн теңге аударылып, ол толықтай игерілген. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 43,8 мың шаршы метр болатын 680 жалға берілетін пәтер пайдалануға беріледі. Халықтың аз қамтылған әлеуметтік топтарына, көп балалы отбасыларға берілетін ол баспаналардың құрылысына 825 адам жұмысқа тартылады.
Ал кредиттік тұрғын үй құрылысына 17 жобаны іске асыру үшін 1,9 млрд теңге қарастырылған. Оған 12 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 193 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ол жобаларды іске асыру үшін 301 адам жұмыспен қамтылады.
Сонымен қатар, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-бен несие берілетін «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 309 тұрғын үй қарызына 3 млрд. теңге қарастырылып отыр.
Облыста тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 8 жоба іске асырылады. Ол мақсатқа 2,4 млрд теңге бөлінеді. Аталған жобалар бойынша 259 жұмыс орны ашылады.
-
Беременную с кровотечением госпитализировали только после резонанса07.02.2023, 10:50Казахстанская исполнительница Данэлия Тулешова снова в популярном американском шоу07.02.2023, 19:45Французский журнал высмеял землетрясение в Турции07.02.2023, 17:16Ребенок родился под завалами в Сирии07.02.2023, 10:24Фашистами назвали алматинок, попросивших меню в кафе на казахском языке07.02.2023, 11:59«Спокойным тоном сообщила, что убила»: Пятиклассница напала на сверстницу с ножом07.02.2023, 19:14
-
13:00Сирия осталась одна? Голод, разруха, а теперь - землетрясение12:45Нужны столетия, чтобы насытить авторынок – эксперт о льготном кредитовании12:30Снежные и морозные дни прогнозируются в Казахстане12:16Брат пропавшего казахстанца в Турции: «На связь не выходят еще несколько человек»12:02Почти на 40 тыс возросла средняя зарплата в Казахстане11:48Түркияда тұрып жатқан Алуа Қонарова табиғи апатты Алланың белгісі деп санайды11:34Причастный к террористам лжепропроведник продвигал контент на YouTube11:20Что говорят астанчане об известном доме с «привидениями»11:06Фура,автобус и еще 6 машин столкнулись на трассе Алматы-Бишкек10:52Три парня изнасиловали павлодарку. Им вынесли приговор10:38Еще один борт с казахстанскими спасателями вылетает в Турцию10:24Брендовое нижнее белье шьют в колонии Петропавловска10:10Нейросеть назвала причины землетрясений в Турции09:56Головкин отказался от титула чемпиона мира − СМИ09:42Снова возросло число заболевших КВИ казахстанцев