пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Гүлшара Әбдіқалықова «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламаның жүзеге асырылу барысымен танысты

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Жалағаш ауданында болды. Сапар барысында елді мекендердің жағдайымен, әлеуметтік нысандардың жұмысымен және «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Фото: syrboyi.kz
Фото: syrboyi.kz

«Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауданға 1,7 млрд.тенге бөлінген. Бұл қаржы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, абаттандыру, инженерлік-көліктік инфрақұрылымды дамыту жобаларына бағытталатын болады және 682 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Алдымен, облыс әкімі Еңбек ауылдық округіндегі спорт кешенінің жұмысымен танысты. Бұл ауылда 2,1 шақырым ішкі жолдарының орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда. 

Сондай-ақ, Гүлшара Әбдіқалықова Мақпалкөл ауылдық округінде №117 мектептің құрылыс жұмыстары барысымен, «Құрманбай Ата» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Мәдениет ауылдық округіндегі спорт кешеніне барып, нысанның  жұмысымен танысты. 

Шаруа қожалық жұмысын 2018 жылы бастаған. Бүгінгі таңда аумағы 6 гектарды құрайтын бақта алманың бес түрін өсіріп, сатуда. Ал, Ә.Оңалбаев атындағы №117 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлкеттік бағдарламасы аясында 219 млн.теңге бөлінген, нәтижесінде 71 тұрғын уақытша жұмыспен қамтылды. Өңір басшысы бөлінген қаржыны мақсатты жұмсап, жөндеу жұмыстарын сапалы жүргізуді және білім ұясын тамыз айында пайдалануға беруді тапсырды. 

Мұнан соң, облыс әкімі Таң ауылдық округіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салынған әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын «Таң ЛТД» ЖШС жүргізіп, балабақша 2017 жылы, ал, спорт кешені 2018 жылы пайдалануға берілген.
Аймақ басшысы аудан әкіміне мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуды және әлеуметтік нысандарда карантин режиміне сәйкес санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау қажеттігін ескертті.

Облыс әкімінің сапары аудан орталығында жалғасты. Гүлшара Әбдіқалықова   «АгроХолдинг Қызылорда» ЖШС және «Серпін» аграрлы-индустриалды аймағында орналасқан «Өркен Әлем» ЖШС арнайы киім тігу цехының жұмысымен танысты.

«АгроХолдинг Қызылорда» шаруашылығының негізгі бағыты - күрішті өсіріп, өңдеу және сыртқы нарыққа өткізу. 

Өңір басшысы аудан әкіміне: «Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін экономиканы қалыпқа келтіру маңызды.

Ауданда күріш өңдеуден басқа кәсіпкерлік түрлерінің дамуы әлсіз болуына байланысты «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыруға көңіл бөліңіздер. Сол себепті, аудан әкімдері кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету керек. Ал, кәсіпкерлер өз кезегінде сапалы өнім шығарып, ауқымын кеңейтуге жұмыс жасау қажет», — деп тапсырды. 

Өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәжіліс өтті. Онда аудан әкімі А.Шаменов атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жылдарға арналған жоспарлар туралы баяндады. Облыс әкімі бірқатар көрсеткіштердің төмен екенін айтып, тиісті тапсырма жүктеді.

«Жалпы ауданда ағымдағы жылдың 4 айының қорытындысымен әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын бірқатар көрсеткіштер бойыншы оң динамика байқалады. Дегенмен, кейбір салалардың көрсеткіштері әлі де төмен. Мәселен, жұмыссыздық деңгейі  5% құрап, облыстық 4,8%-дан жоғары болып отыр. Өлім-жітім – 1,4%-ға, туберкулез бойынша аурушаңдық 18,5%-ға жоғарылаған. Бұл мәселеге аса көңіл бөліңіздер. Тағы айтарым, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бақылауымда болады», — деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова. 

Сонымен қатар, өңір басшысы жаңадан салынып жатқан аудандық аурухана мен әкімшілік ғимараттың құрылысын, ескі емхана ғимаратын балабақша етіп реконструкциялау жобасын, орталық алаңда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын тексерді. Сондай-ақ, «Nomad Solar» ЖШС жүргізген күн электр стансасының жұмысымен танысты. 

Аудандық аурухана мен әкімшіліктің құрылысы өткен жылы басталып, биыл пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Аурухана типтік жобада, 100 орынды, үш қабаттан тұрады. Ал, әкімшілік ғимараты екі қабатты болады деп күтілуде.

Айта кетейік, ескі емхана ғимаратын балабақша етіп реконструкциялау және орталық алаңда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізіледі. 

Облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстарды сапалы жүргізуді және уақтылы аяқтауды тапсырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0