суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-5oC
×

Сыр қамысына Еуропадан сұраныс бар

Жыл басынан бері Қызылорда облысынан 38,9 мың тонна ауылшаруашылық өнімдері экспортталды. Құны - 13,9 млн доллар. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 116,7% артық. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі осындай.

Экспортталған өнім түрлері: балық, күріш, бидай қалдығы, қамыс. Облыста өндірілетін өнімдер Ресей, Қырғызстан, Беларусь Республикасы, Әзербайжан, Моңғолия, Тәжікстан, Украина, Түркмения, Өзбекстан, Грузия, Қытай, Польша, Германия, Литва және Ирак мемлекеттеріне жөнелтілуде. Сондай-ақ, биылғы жылы алғаш рет Германия мемлекетіне 122,1 тонна қамыс экспортталды. Сыр елінің өнімі үйлердің шатырына арналған тоқыма себетін дайындауда кеңінен қолданылады.

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0