суббота, 11 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Қызылорда облысында күріш ұнынан нан өнімдері дайындалуда

Биыл Қызылорда облыстық ауыл щаруашылығы басқармасының қолдауымен «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің ғалымдары Қазалы ауданындағы «РЗА-Нан» ЖШС-де күріш ұнын нан-тоқаш өнімдерінде қолдану жұмысына кірісті. Бұл ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріске инновациялық тәжірибені енгізу және кеңінен тарату мақсатында жүзеге асып жатқан жобалардың бірі болмақ. 

Фото: kzvesti.kz
Фото: kzvesti.kz

Жоба бойынша күріш ұнына зертханалық зерттеулер жасалды. Одан 10%, 15% және 20% күріш ұнтағы қосылған және гуар камеді тағамдық қоспасымен байытылған нан үлгілері дайындалды. Дайын нан үлгілеріне сала мамандары мен тұрғындар дегустация жасап, оң бағасын берді. Мамандар күріш ұнын қосу арқылы дайындалған нан өнімдерінің құны төмендейтінін айтады.

«Мұндай әдіс нан бағасының қымбаттамауы үшін өте маңызды. Аймағымызда өндірілетін негізгі дақыл – күріш. Сондықтан, күріш салысын өңдеу кезінде алынатын күріш ұнын таза бидай ұнымен қосып қолдану нан-тоқаш өнімдерін дайындаудағы тиімді тәсіл болмақ. Сол арқылы азық-түлік өндірісінің дамуына ықпал етуге болады деп есептейміз», — деді сала мамандары.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0