Облыста наурыз айынан бастап 234 мың шаршы метр аумаққа залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Қызылорда облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Усаин Медет баяндады.
«Қазіргі таңда індеттің алдын алу мақсатында залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Оған қала, аудан әкімдіктері тарапынан қажетті қаржы бөлінді. Әсіресе, облыс орталығының халық көп шоғырланған аумағына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу үшін әкімдікпен бірге әскери қызметкерлер де тартылды. Әскери қызметкерлер күнделікті 50 мың шаршы метрге дезинфекция жұмыстарын жасауда. Атап айтқанда, қалалық демалыс паркі, теміржол және автовокзал, ескі базар аумақтары және 13 көшеге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді», — деді сала басшысы.
Шілде айының соңына дейін тағы 133 көшені залалсыздандыру жоспарланып отыр