воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-9oC
×

Жаңақорған аудандық стационарына өкпені жасанды желдету аппаратын жеткізілді

Бүгін «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС кәсіпорнының демеушілігімен Жаңақорған ауданаралық ауруханасындағы, жұқпалы аурулар бөліміндегі провизорлық стационарға құны 37,4 млн теңгеге VG70 маркалы екі өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты жеткізілді.

Фото: facebook.com
Фото: facebook.com

Медициналық аппарат электр қуаты сөнген жағдайда 30 минутқа дейін аккумулятор арқылы жұмыс жасайды және жеті түрлі режимде жұмыс жасау ерекшелігі бар.

Сондай ақ, «Шалкия Цинк ЛТД» ЖШС кәсіпорны тарапынан арнайы сақтық қорғаныш киімдері, пульсоксиметр (пульспен қанға келіп тұрған кислород мөлшерін анықтайтын аппарат) және дәрілік заттар берілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0