Бүгін Қызылорда облысы әкімдігі мен көрші мемлекеттер арасында жасалған келісім шарт негізінде аймаққа Өзбекстаннан гуманитарлық көмек жетті.
Бұған дейін демеушілік көмек ретінде Түркия мемлекетінен 10 ӨЖЖ аппаратының ауруханаларға жеткізілетінін, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан Байқоңыр қаласындағы ауруханаға 1 аппарат әкелінетінін хабарлаған болатынбыз. Сонымен қатар, шетелдерден гуманитарлық көмек көрсетілетіндігі жайлы айтылған болатын.
Атап айтқанда, Катар елінен келген дәрі-дәрмектер жуық арада ауруханаларға және қала мен аудан орталықтарындағы дәріханаларға жеткізіледі. Қытай мен Ресейден келген гуманитарлық көмек өңірлерге жөнелтілді. Барлық медициналық бұйымдар мен препараттар теңдей бөлінді. Жүктің діттеген жеріне уақытылы жетуі қадағаланады. Көрші елдерден келген қайырымдылық заттарының ішінде қорғаныш құралдары, бетперде, термометрлер мен «короновир» дәрісі бар.