суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-5oC
×

Г.Әбдіқалықова қаладағы дәріханаларды аралады

Кеше Қызылорда облысының әкімі Г. Әбдіқалықова Ғ.Мұратбаев, 76 мекен-жайындағы «Europharma», Шұғыла ықшам ауданы,19 мекен-жайындағы «Доктор плюс», Яссауи, 24Б мекен-жайындағы «Farmcity» дәріханаларына арнайы барып, вирусты емдеуге қажетті препараттардың бар-жоғын нақтылады.

Фото: ru.sputniknews.kz/Абзал Калиев
Фото: ru.sputniknews.kz/Абзал Калиев

Аймақ басшысы дәрі іздеп келген қала тұрғындарымен кездесіп, мәселелерін тыңдады. Олардың айтуынша, осы күні көбіне дексаметазон, ингавирин сияқты дәрілер мен дәрумендер және дене қызуын өлшейтін құрылғар тапшылығы сезіледі.

Осыған байланысты Г. Әбдіқалықова Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев пен дәріхана иелеріне тез арада дистрибьюторлармен байланысқа шығып, мәселені шешуді тапсырды. Айта кету керек, қазіргі күні облыс әкімдігі тарапынан кәсіпкерлермен қажетті дәрі-дәрмек алу жөнінде келісім жасалды. Осы күні ірі дәріхана желілеріне дәрілер жеткізіле бастады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0