суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-6oC
×

Қызылорда қаласына «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 98 жоба жүзеге асырылуда

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласындағы «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен өңір басшысы Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді. Білім ұясының жөндеу жұмыстарына «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында қаржы бөлініп, 100 адам жұмыспен қамтылуда. Оның ішінде 50 азамат қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы алынған. Жөндеу жұмыстары 15 мамырдан басталаған және үстіміздегі жылдың соңына дейін бітеді деп жоспарлануда. Облыс әкімі тиісті жұмыстарды сапалы жүргізіп, уақытында бітіруді тапсырды.

Мұнан соң өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Бұл нысанның жөндеу жұмыстары 4 мамырда басталған. Бүгінгі күні 74 тұрғын жұмыспен қамтылса, оның 37 қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркеліп тұрған азаматтар. Облыс әкімі қала әкіміне жөндеу жұмыстарын жылдың аяғына дейін бітіруді тапсырды.

«Карантин экономикамыздың дамуына әсер етуде. Эпидемиологиялық ахуал мен қатар жұмыссыздық мәселесі де күн тәртібінен түспей тұр. Сол себепті мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдаланып, жұмыссыздық мәселесін шешіңіздер. Атақарылып жатқан жұмыстардың сапасына аса мән беріңіздер. Колледждің жөндеу жұмысын жыл соңына дейін аяқтау қажет», - деді облыс әкімі Г.Әбдіқалықова.

Сонымен қатар, Гүлшара Әбдіқалықова Қазыбек би, И.Журба көшелерінде жүргізіліп жатқан орташа жол жөндеу және «Тағзым» алаңы мен теміржол паркінде жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын көрді.

Қазбек би, И.Журба көшелерін жөндеу мақсатында жалпы 58 жаңа жұмыс орны ашылған.

«Тағзым» алаңын абатттандыру жұмыстары 8 шілдеді басталды. 45 адам жұмыспен қамтылуда. Ал, теміржол паркінде атқарылатын жұмыстарға 60 жұмыс орны ашылды. Өңір басшысы қала әкіміне бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын бақылап, жұмыстарды белгіленген уақытта бітіруді тапсырды.

Әріқарай облыс әкімі мемлекеттік бағдарлама аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Ә.Молдағұлова атындағы №173 және Н.Ахмадеева атындағы №112 орта мектептеріне барды.

№ 173 мектебіндегі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 35 тұрғын жұмыспен қамтылуда. 11 маусымда басталған жұмыс жыл соңына дейін бітеді деп жоспарлануда. Ал, №112 білім ұясының күрделі жөндеу жұмыстары 14 мамырда бастлаған. 23 азамат жұмыспен қамтылды. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова білім мекемелеріндегі жөндеу жұмыстары уақытында бітіп, сапалы болуын тапсырды.

Айта кетейік, «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылорда қаласына 18 млрд. астам тенге бөлініп, 98 жоба жүзеге асырылуда.

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0