суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
6oC
Астана:
icon
-4oC
×

С. Пазылов: «Қызылорда облысында мобильді бригаданың саны 161-ге артты»

Аймақ бойынша емханалар жанынан құрылған барлығы 161 мобильді топ халыққа қызмет көрсетуде. Бұған дейін мобильді бриагаданың саны 125-ті құраған. Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сабит Пазылов баяндады.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Сала басшысы айтауынша, науқастарға амбулаторлы жағдайда медициналық көмектің қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында және динамикалық бақылауды қажет ететін науқастарды үй жағдайында бақылау жасау үшін мониторингтік топ ұйымдастырылып, оның 33-і қалада, 28-і аудан орталықтарында және 100-і елді мекендерде халыққа қызмет көрсетуде.

Мобильді топ құрамына бір дәрігер, бір орта буын қызметкері және бір жүргізуші кіреді.

Одан бөлек, ағымдағы жылдың 13 шілдесінен бастап пневмония диагнозы қойылып, амбулаторлы емді қажет ететін науқастарға «Үй жағдайындағы стационар» қызметі қосылған болатын. Бүгінгі таңда аталған қызмет 7 БМСК ұйымында (№1,6 қалалық емхана, «Сенім» ЖШС, Арал, Қармақшы, Жаңақорған аудандары және «Қазалы теміржол» ЖШС) іске қосылған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0