суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-5oC
×

Жылу беру маусымына дайындық: Сыр өңіріне 7 мың тонна көмір әкелінді

Қызылорда облысында жылу беру маусымына белсенді дайындық басталды. Әлеуметтік сала нысандарына 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын, ал жергілікті тұрғындарды 163,6 мың тонна көмір отынымен қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қыдыркүл Құдабекова мәлімдеді.

Фото: coal-guru.com
Фото: coal-guru.com

Спикердің айтуынша, облыс бойынша 1 185 әлеуметтік сала нысандары бар. Қазіргі таңда 507 білім беру нысанның 30 пайызы, 411 мәдениет нысанның 40 пайызы, 267 денсаулық сақтау нысанның 38 пайызына жөндеу жұмыстары орындалды.

«Жылу беру маусымына қажетті қатты отын қоры 39,5 мың тонна және сұйық отын 26 мың тонна. Жергілікті тұрғындарға 163,6 мың тонна көмір отыны қажет. Бүгінде облысқа 7 мың тонна көмір әкелінді (5%). Ал әлеуметтік нысандарға қажетті отын қорын жеткізуші мекемелермен келісім-шарт жасалып, кезең-кезеңімен жеткізілді. Қала және аудан тұрғындары үшін көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін мекемелермен тікелей келісім шарт жасалды. Яғни қысқа дайындық мәселелері облыстық штабтың тұрақты бақылауында», — деді Қыдыркүл Нұрабайқызы.

Сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 1,5 шақырым магистралдық жылу желісін реконструкциялау жұмыстары атқарылып, 66 пайызы орындалды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0