Қызылордада 81 633 адам біржолғы төлем алды

Қызылордада   91571 адам 42500 теңге көлемінде қосымша әлеуметтік жәрдемақы алуға жүгінді. Оның ішінде, шілде айында 81633 азаматқа көмек көрсетілді. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

Қызылордада 81 633 адам біржолғы төлем алды

«Өтінімнің ішінде 36 120-сы проактивті форматта, яғни ешқандай өтініш  тапсырмай-ақ бұрынғы мәліметтердің негізінде СМС арқылы расталып, көмек алды. Сондай-ақ, қалалық және аудандық штабтардың қаралуына 15201 өтінім түсіп, оның 7822-сі қабылданып, 6833-нің өтінім кері қайтарылды. Өтінімнің кері қайтарылу себебі: бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген шектеулерге сәйкес кәсіпорын, мекемелердің қызметі 5 шілдеден бастап тоқтатылмаған. Бұл мәліметтердің барлығы салық органдарының жүйелері арқылы тексерілді. Сонымен қатар, өтінім беру барысында мәліметтерді (реквизит, есеп шоттар, жұмысшылардың ЖСН) дұрыс енгізбеген», — деді Талғат Тұрсынұлы.

Облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы Төреахмет Сайлаубайұлы айтуынша, шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда 42500 теңге көлеміндегі біржолғы төлемді тағайындауға өтінішті жұмыс беруші береді. Жұмыс беруші көрсетілген төлемді тағайындау қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда қызметкер еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жүгінуге құқылы.

Loading...

10 августа, понедельник