«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес медициналық мекемелер қажет дәрі-дәрмектер және құрал-жабдықтармен, сондай-ақ медицина қызметкерлерін қолдау бойынша бірқатар шаралар атқарылуда.
Осыған орай, «Nur Otan» партиясының мүшесі, «DacoMotorsKZ» компаниясының директоры Нұрымбек Тау қаладағы бірқатар емханаларда індетпен бетпе-бет күресіп жүрген қызметкерлерді 3 апта бойына 25 литр қымыз және 15 кг. жеміс-жидекпен қамтамасыз етуге ниет білдірді.
Аталған шара Алатау ауданына қарасты №14, 22, 23, 25 және 29 емханаларының қызметкерлеріне арнайы ұйымдастырылған.
««Nur Otan» партиясы қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің жағдайын бақылап, барынша қолдау көрсетуде. Нұрымбек Тауды «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелерінің бірі, Төтенше жағдай жарияланған күннен Алатау ауданының аз қамтылған отбасыларына азық-түлік, маска және антисептик таратып жүрген азамат ретінде танимыз. Бүгін медицина саласының қызметкерлеріне қолдау көрсетуге ниет білдіргеніне, табиғи антибиотик – қымыз бен жеміс-жидек жеткізгеніне дән ризамыз», — деді №29 емхананың бас дәрігері Ақмира Садықова.
Өнімдерді жеткізу барысында санитарлық қауіпсіздік шаралары сақталған.