вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

Сыр өңірінің мал шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсетілуде

Мал шаруашылығын мемлекет тарапынан қолдау мақсатында 2020 жылға облыстық  бюджеттен 2 432,1 млн теңге қаржы бөлінді. Бүгінде  субсидиялау қаржысынан 1500 млн теңге 625 шаруашылыққа берілді.

Фото: agroinfo.kz
Фото: agroinfo.kz

Қызылорда облысы әкімдігі тарапынан қағиданың жаңа өзгерістеріне сәйкес ҚР АШМ-ге республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлу туралы бюджеттік өтінім ұсынылды.

Биыл мал шаруашылығын субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығын дамыту бөлімінің мәліметінше асыл тұқымды малдардың аналықтарына жүргізілген жұмыстарды субсидиялау бағыты бойынша 1 аналық басқа 15 мың теңге беріледі. Ал, Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған МІҚ малдарының 1 басына 300 мың теңгеге  субсидиялау қарастырылған. Ескі ережеде осы бағыттағы субсидия бағасы 225 мың теңге болған. Сонымен қатар, асыл тұқымды қой малдарын сатып алған жағдайда субсидиялау нормативі 8 мың теңгеден 15 мың теңгеге көтеріліп отыр.  

Жаңа қағидаға сәйкес МІҚ, қой малдарына селекциялық асыл тұқымдық жұмыс жүргізу және асыл тұқымды малдарды сатып алу бағытының  талаптары бойынша мал басында электрондық бірдейлендіру тәсілдері болуы (радиожиілікті белгісі бар сырға, болюстер, чиптер) қажет.

Осы талапқа сәйкес субсидия алудан үміткер шаруашылықтар қысқа мерзімде меншігіндегі мал бастарын электрондық бірдейлендіру тәсіліне көшіріп, субсидиялаудың барлық талаптарына сәйкестендірулері қажет.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1