суббота, 20 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
17oC
1xadv
×

Қызылордада егін жинау науқанының дайындығы талқыланды

Биыл Сыр өңірінде егін шаруашылығын әртараптандыру бағытында алғаш рет перспективалы дақылдар егілді. Атап айтқанда, 70 гектарға қант құмайы, 240 гектарға соя, 1 667 гектарға дейін жүгері дақылы және ылғал сақтағыш аквагельдерді пайдалану арқылы 80 гектар күздік бидай егілген болатын. Осы орайда күзгі егін жинау науқанының жақындауына байланысты облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетовты қабылдады.

Фото: kyzylorda-news.kz
Фото: kyzylorda-news.kz

Қабылдау барысында егін жинау техникаларының дайындығы, жанармаймен қамтамасыз ету мәселелері пысықталды. Сонымен қатар, облыс бойынша егілген егіннің көлемі, әртараптандыру бойынша атқарылған жұмыстар сөз болды. Облыс әкімі күрішке орақ салуды 25 тамыздан бастап, 15 қазанға дейін егін жинау науқанын толық аяқтауды тапсырды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сейілбек Нұрымбетов болжам бойынша биыл күріштің әр гектарынан 50-55 центнерден өнім алу жоспарланғанын жеткізді.

Егіншілікті мемлекеттік қолдау үшін биыл 4,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Ал ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 2,3 млрд теңге субсидия берілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0