воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
19oC
1xadv
×

Қызылордалық кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде

Карантин жағдайына байланысты Сыр кәсіпкерлеріне жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың аймақтағы бизнес өкілдерімен кездесуінде талқыланды. Атап айтқанда, өңірдегі 51 мыңнан аса кәсіпкер салық жеңілдігін алса, 9 мыңға жуық бизнес иелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төлемінен босатылды. Оған қоса шағын орта кәсіп субъектілеріне мемлекеттік мүлікті жалға беру бойынша 365 қосымша келісімдер жасалған.  

Қызылорда облысы бойынша 8 мыңға жуық шағын кәсіп иелеріне несиені кейінге шегеру мүмкіндігі берілді. Бүгінде осы мүмкіндікті 15 қыркүйекке дейін созуға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға карантин кезеңінде де қаржы бөлініп келді. Осы ретте «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына бөлінетін қаржы 1,5 есеге, «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасына қаралған қаржы 2 есеге артқан. 

«Қазір біздің өңірде 6 ірі жоба іске асып жатыр. Осы жобалар аясында өндіріс орындарын ашып алуға болады. Мәселен, цемент зауыты арқылы қапшықтар шығаруға болады, сонымен бірге доломит ұндарын шығаратын кәсіпорын құруға мүмкіндігіміз ашылады»,- деді Гүлшара Наушақызы.

Кездесу барысында облыс әкімі карантин жағдайын ескере отырып, екінші деңгейлі банктердің басшыларымен кепіл саясатына қойылатын талаптарды жеңілдету туралы келіссөздердің жүргізіліп жатқандығы туралы айтты. Осыған орай аймақта банктердің филиалын ашу мәселелерін қарастырылуда.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0