вторник, 7 мая 2024 г.
icon
441.66
icon
475.14
icon
4.86
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Қызылордада жастардың жаңа сайты іске қосылды

Таяуда Қызылордада «SYRJASTARY.COM» сайтының тұсауы кесілді. Мұнда  аймақ жастары туралы жаңалықтар жарияланып отырады. Сонымен қатар, сайттан электронды кітаптар, тіл курстары сынды пайдалы дүниелерді табуға болады.

«Халықаралық жастар күніне орай Жастар ресурстық орталығында ашылған SYRJASTARY.COM сайтында өңір жастарына, көшбасшыларға қатысты ақпараттар, қажетті кітап қорларының электронды нұсқасы беріледі. Жастардың қызығушылығын анықтау мақсатында сауалнамалар ұйымдастыру тетігі қарастырылған. Карантин уақытында бізде онлайн шаралар қарқын алды. Психологиялық қызу желі де іске қосылды. Ахуалдан қажыған кез келген тұрғын хабарласып, психологтың көмегіне тегін жүгінуіне мүмкіндік алды. Сонымен қатар, сайт көмегімен ағылшын тілін үйрету курсы, бала психологиясына қатысты түрлі интенсивті курстар, жастарға қатысты жаңаша бағыттағы семинар-тренингтер жайлы ақпараттық афишалар жүктелуде. Бұдан бөлек, орталықтағы ІТ парктің базасында тұрғындардың істен шыққан компьютерлерінен мамандар қажетті бөлшектерді пайдалана отырып, жаңа компьютер жасақтайды. Құрылғылар жаңа оқу жылына орай мұқтаж отбасылардың балаларына табысталатын болады. Оқу орталығына айналған IT кітапханада тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі балалар білімін жетілдіре алады. Оған қосымша арнайы волонтерлер, ерікті мұғалімдер тартылмақ. IT кітапханада бар жағдай қарастырылған, интернет желісі қолжетімді. Пробация есебіндегі тұрған жастармен де жүйелі жұмыстар жүргізілуде», - деді «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Бауыржан Мастеков.

Қызылордадағы волонтерлердің фронт-офисі 7 бағыт бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. «Құқықтық кеңес», «Ардагерлерді ардақтайық!», «Іздестіру» және тағы да басқа акциялар мен волонтерлық қозғалыстар, жалпыұлттық «Біз біргеміз» челленджі  жобалары жүзеге асты.

«Еріктілердің мақсаты мен қоғамдағы миссиясы – көмек беру, қоғамға пайдасын тигізу. Волонтерлер пандемия уақытында бұл мақсат үдесінен шыға білді. Ерікті ретінде түрлі бастамалардың басы-қасынан табылған жастар қиын сәтте бетпердені қолдан дайындап, тұрғындарға таратты. Оған қоса індеттен сақтану талаптары туралы брошюралар үлестірді. Сондай-ақ, орталық жанынан әлеуметтік дүкен жұмысын жаңаша бағытта жандандырып, жомарт жандардың көмегімен вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер жинақталды. Оның ішінде қала дәріхаларында бастапқы уақытта тапшы болған парацетамол, С витамині, дексаметазон, дисоль, натрий хлорид, эуфиллин, тағы да басқа препараттар болды. 2 апта көлемінде жалғасқан қайырымдылық акциясында 200-ден аса дәрі-дәрмек үлестірілді. Ал, оны таратуда орталық мамандарының бастамасымен қолға алынған автоволонтерлар қозғалысының септігі зор. Өңірдегі көпбалалы отбасылардың, жалғызілікті аналардың тізімі жасақталып, мұқтаж жандарға бірінші кезекте қажетті өнімдер таратылды. Алдағы уақытта да осы шаралар легі жалғасатын табатын болады», - деді Бауыржан Қайырбекұлы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0