четверг, 6 февраля 2025 г.
icon
520.27
icon
537.65
icon
5.24
Алматы:
icon
-10oC
Астана:
icon
-7oC
×

Қызылордалық тілшілер оқушыларға оқу құралдарымен жабдықталған 25 сөмке сыйлады

Биыл Қызылорда қаласы бойынша 4 мектеп дәстүрлі оқытылады. Соның бірі Талдыарал елді мекеніндегі №215 орта мектебі. Осы мектебтің оқушыларына журналистер сыйлықтар табыстады.

Фото: vkgu.kz
Фото: vkgu.kz

Шара барысында «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Мұрат Жетпісбаев бүлдіршіндерге жаңа оқу жылына сәттілік тілеп, оқуда озат, елін түлетер ұрпақ болыңыздар деген тілегін білдірді. Ақжарма ауылдық округының әкімі Жұмабек Әлиев елге қол ұшын берген қаламгерлерге алғысын айтты.

Мектеп директоры Өркен Орынбекұлы ата-аналар мен оқушыларға игі бастама өз жалғасын табатындығын жеткізді. Өз кезегінде БАҚ өкілдері мен мектеп директорына ризашылықтарын білдірген ата-аналар абырой тіледі.

Жаңа оқу жылында өңірде 293 мектепте 169 143 оқушы білім алса, 18 423 бала 1-ші сыныпқа қабылданады деп жоспарлануда. Жаңа оқу жылының І тоқсанында 222 мектептегі 116 888 оқушы қашықтан оқитын болып шешілді. Бұл оқушылар BilimLand, Дарын-онлайн интернет платформалары сабақты бастайды. Ал, 1-4 сыныптағы 41 547 оқушы дәстүрлі білім алмақ. Мұнан бөлек, шалғай орналасқан елдімекендегі 71 мектептен 10712 оқушы дәстүрлі оқытылады. Бұл ретте білім беру ұйымдарында қатаң санитарлық талаптар сақталады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0