четверг, 6 февраля 2025 г.
icon
520.27
icon
537.65
icon
5.24
Алматы:
icon
-10oC
Астана:
icon
-4oC
×

Сыр өңіріне 17 647 медицина маманы жұмыс жасайды — Г. Әбдіқалықова

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова медицина қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді.

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова медицина қызметкерлерімен онлайн кездесу өткізді.

«Аймағымызда 17 647 медицина маманы жұмыс жасайды. Биылғы жыл бәріміз үшін, оның ішінде медицина саласына сын болуда. Коронавирус инфекциясымен ауырғандардың 93 пайызы сіздердің арқаларыңызда аман-есен отбасыларымен қауышты. Осы ретте сіздерге індетпен күрестегі еселі еңбектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Мемлекет басшысының жарлығы бойынша мемлекеттік наградамен 23 әріптестеріміз марапатталды. Өкінішке орай, олардың 8-нің марапатын отбасына беруге мәжбүр болдық. Олардың еңбегі ешқашан ұмытылмайды», — деді облыс әкімі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0