суббота, 18 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
19oC
1xadv
×

Қызылордада үкіметтік емес ұйымдармен облыстық кеңес өтті

Бүгінде Қызылорда облысында 996 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Соның ішінде 454 ұйым аймақтың рухани-мәдени, қоғамдық өміріне белсене араласып жүр. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Серік Ахметовтің төрағалық етуімен «Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі» облыстық кеңес отырысы өтті.    

Кеңес отырысында пандемиядан кейінгі экономиканы қайта қалпына келтіру бойынша азаматтық қоғам институттары мен жергілікті биліктің бірлесіп атқаратын нақты жұмыстары талқыланды. Сонымен бірге, қалалық, аудандық ресурстық орталықтарымен ауылдық жерде жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдарды қолдау шаралары сөз болды.

Жиын барысында мемлекеттік тапсырыс арқылы азаматтық қоғам құрылымдарына қаржылай қолдау көрсету көлемінің жылдан жылға артып, үкіметтік емес ұйымдардың түрлі  бағытта жұмыс істеуіне мүмкіндіктер жасалып жатқандығы туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова тарқатып айтты. Сонымен қатар, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі А.Ізден ұйымның жұмысы мен алдағы міндеттер жөнінде баяндады. Қызылорда қаласындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара  іс-қимылы туралы Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Есмаханов және Арал ауданы әкімінің орынбасары Б.Жұмағұлов мәлімдеді.

Соңғы 4 жыл ішінде үкіметтік емес ұйымдар тарапынан өткізілетін әлеуметтік маңызы жоғары жобаларды қаржыландыру 3 есеге артқан. Жобалардың басым бөлігі жемқорлықтың алдын алу, отбасылық демографиялық саясатты жүзеге асыру, азаматтық бастамаларды іске асыра отырып, ұлтаралық қатынастарды реттеуге негізделген. Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет Басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген өзекті мәселелерді шешу бағыты басты назарға алынды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0