суббота, 4 мая 2024 г.
icon
443.37
icon
474.49
icon
4.83
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Гүлшара Әбдіқалықова праймеризге белсенділік танытуға шақырды

Қызылорда облысының әкімі, «Nur Otan» партияcы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова  праймериз өткізудің басталуына байланысты үндеу жариялады.

Фото: facebook.com
Фото: facebook.com

«Партияішілік іріктеудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі және барлық дең­гейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру үшін бәсекелі және айқын негізде мықты көш­бас­шы­ларды анықтау. Бұл үшін нұротандықтар қоғамның сеніміне ие болған беделді партия көшбасшыларын өздері таңдайтын болады», - деді аймақ басшысы.

Гүлшара Наушақызы пандемия жағдайына қарай Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев­тың тапсырмасына сәйкес партияның барлық күші коронавируспен күрес жағ­дайында қолдауға мұқтаж қазақ­стандықтарға көмекті ұйымдастыруға ба­ғытталғанын, праймериз жағдай­ тұрақ­талғанға дейін кейінге қалдырылғанын жеткізді. Ахуалға байланысты партияішілік іріктеуге арналған шаралардың басым бөлігі онлайн форматта өткізілмек. Жаңа цифрлық мүм­кіндіктерді халықтың қарқынды қолданатынын ескере келе,  онлайн-формат – партияның ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етумен қатар, тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтуге де мүмкіндік беретінін атап өтті облыс әкімі.

«Мықты лидерлер – Мықты партия» қағидасын басшылыққа алып отырған праймериз заңды, әділ, ашық, адал да бәсекелік не­гізде өткізіліп, халықтың өзек­ті мәселелерін білетін және оларды шешуге қабілетті нағыз көшбасшыларды анықтайтын болады», - деді әкім үндеуде.

Партияға қатысы бар болғанынан қа­ра­мастан, праймериз үміткерлердің бар­лы­ғына бірдей қоғамның мүд­делерін білдіруге мүмкіндік береді. Әр түрлі әлеуметтік топтар, әсіресе әйелдер мен жастар үшін тең мүмкіндіктер ұсынылған. Праймериз өткізу – қазіргі заманғы қазақстандық қоғамды үдемелі демократияландыру проце­сінің айғағы дей келе, облыс әкімі елді дамыту мақсатында азаматтарды праймеризге белсенді қатысуға шақырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0