четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

Сыр өңірінде Президент Жолдауынан туындайтын міндеттер туралы айтылды

Бүгін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттар алаңында Жолдауынан туындайтын міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

«Мемлекет басшысының Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында өңірдегі белгілі тұлғаларды және қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып, республикалық және жергілікті БАҚ-тар мен әлеуметтік желілерде пікірлер мен мақалалар жариялануда», — деді Серік Ахмет.

Жолдауды ақпараттық сүйемелдеу жөнінде арнайы облыстық медиа-жоспар облыс әкімімен бекітілді. Медиа-жоспар 3 негізгі бөлімнен, 145 тармақтан тұрады. Атап айтқанда, насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру, Жолдаудың басым бағыттары бойынша ақпараттық шаралар және тиісті сала басшылары мен аудан әкімдерінің брифингтерін өткізу.

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектен бастап, Жолдаудың басым бағыттары туралы 105 спикердің пікірлері жергілікті телеарналар мен баспа басылымдарда ақпараттандырылды.

Республикалық және жергілікті БАҚ-та, интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде Жолдаудың негізгі міндеттерін насихаттау бағытында дайындалған бейнероликтер, инфографикалар, мақалалар орналастырылып, барлығы 2125 материал жарияланды.

Бұл бағыттағы ақпараттық-насихаттық жұмыстар тұрақты жалғасатын болады.

Мемлекет Басшысы Жолдауда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы» - деген болатын. Сол арқылы, кез келген мәселені азаматтық қоғаммен бірлесіп шешуді тапсырды.

Бұл бағытта аймақтағы үкіметтік емес ұйымдардың басын қосып, оларға әдістемелік көмектер көрсететін облыстық «Азаматтық Альянс» қайта құрылды.

Алдағы уақытта, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру мақсатында «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін» өткізуді жоспарлануда.

Мемлекет басшысы Жолдауында пандемияға қарсы күрестің әлі де жалғасып жатқандығын, мәселе туындаған кезде ғана шұғыл қимылдамай, алдын ала шаралар қабылдау қажеттігін баса айтты.

Осы орайда, бүгінгі күні облыс бойынша халық көп шоғырланатын орындарда залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Бүгінгі күнге дейін 13,9 млн шаршы метрді құрайтын аумақ залалсыздандырылды. Тиісті мемлекеттік органдар, БАҚ өкілдері мен еріктілерден құралған 24 топпен карантин талаптарының сақталуы бойынша мониторинг шаралары жүргізілуде. Аула аралық және жалдамалы үйлер бойынша рейдтер күшейтілуде. 

Нәтижесінде, 450 хаттама толтырылып, 19 млн 862 мың 700 теңге айыппұл салынды.

«Карантиндік талаптарды бұзу фактілері, яғни, дәстүрлі, отбасылық, көпшілік жиындар өткізу әлі де болса тыйылмай тұр.  Сондықтан, той, ас беру, мерекелік кештерді барынша шектеп, жақындарымыздың денсаулығына, қауіпсіздігіне ерекше мән беруге шақырамыз», — деді Серік Ахмет.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0