воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
-0oC
×

Мира Қазбекова: «Қоғамға пайдасы жоқ бірлестіктер жабылады»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» Жолдауын насихаттау бағытында Қызылорда облысы бойынша 2 415 материал жарияланды. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбекова мәлімдеді.

Өңірде жолдаудан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру бойынша  Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен дөңгелек үстел форматында облыстық жиын өткізіліп, нақты міндеттер мен тапсырмалар тапсырылды. Осы орайда негізгі 3 бөлімнен, 145 тармақтан тұратын медиа-жоспар әзірленді. Басқарма аймақтағы азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, қыркүйектің соңында «Әлеуметтік жобалар жәрмеңкесін» өткізуді жоспарлап отыр. Оған барлық үкіметтік емес ұйымдардың тартылатынын жеткізді сала басшысы.

«Азаматтық бастамаларды қолдау және жан-жақты көмек көрсету – Жолдауда көрсетілген басты міндеттердің бірі. Бұл бағытта мемлекет пен аймақтағы үкіметтік емес ұйымдарға әдістемелік көмек көрсететін «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Бүгінде облыс бойынша 996 үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 454-і ғана жұмыс істейді. Осыған сәйкес қоғамға пайдасын тигізбейтін қоғамдық бірлестіктерді жабу бағытында шаралар жүргізілуде», — деді Мира Жомартқызы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0