Маңғыстау облысында жыл басынан бері 25,4 мың жұмыс орны құрылды. Оның 72,3 пайызы тұрақты жұмыс орындары. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асет Шопанов мәлімдеді. Жыл басынан бері «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 20 мың адам қатысушы ретінде танылды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» АА Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған бағдарлама шеңберінде 902 млн теңгеге 189 адамға шағын несие, 588 адамға мемлекеттік грант берілді. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 1 мың адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен қамтылды және қыркүйек айынан бастап 1,5 мың адам кәсіптік және техникалық оқытумен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтылып бастады. Сонымен қатар, осы бағдарлама шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына 6,6 мың адам жолданды. Оның ішінде 674 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1 468 адам жастар тәжірибесіне және 4 448 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды.
Жыл басынан бері қалалық және аудандық жұмыспен қамту орталықтары арқылы 13 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды немесе бағдарламаға қатысушылардың 65%. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 6,2 мың адам орналастырылды.
Сондай-ақ, облыста тұтынушылардың құқықтарын корғау департаментіне жыл басынан бері 232 арыз-шағым келіп түскен. Оның ішінде 40 қанағаттандырылып, 163 қайта бағытталды, 28 бойынша түсініктемелер берілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын корғау департаменті басшысы Мұрат Әділов аппараттық жиында баяндады. Мәселен, Көлік қызметтеріне 165 арыз-шағым келіп түскен (негізінен пайдаланбаған билет құнын қайтару туралы), оның ішінде 67% «BEK AIR» әуекомпаниясының пайдаланбаған билет құнын қайтару туралы арыздар. Ол арыздар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жолданған. Комитет әуе компанияны сотқа беріп, соттың шешімімен, әуекомпания тұтынушылардың қаражаттарын толығымен қайтарылуы міндеттелді. Сонымен бірге «AIR ASTANA», «FLY ARYSTAN» және «SKAT» аукомпаниялар төтенше жағдай және карантин кезінде тұтынушылардың, пайдаланбаған билет құнын толығымен қайтару жұмыстарын жүргізіліп жатыр.
Сауда қызметтеріне 22 арыз-шағым (бөлшек сауда саласындағы шағымдар), тұрғын үй коммуналды қызметтеріне 12 арыз-шағым келген (жалпы үй қажеттіліктері үшін сомаларды есептеу бойынша шағымдар). Департамент тарапынан аталған мәселелер бойынша жұмыстар қолға алынды.