суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-7oC
×

Қызылордалық 111 азамат әскерге аттанды

Қазіргі күні Қызылорда облысынан 111 азамат әскер қатарына қосылды. Күзгі мерзімде бекітілген кестеге сәйкес 800-ге жуық сырбойылық шақырылушы жас әскерге аттанбақ. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифинг барысында облыстағы мерзімді әскерге шақыру жұмыстары туралы айтылды.

«Биыл облыс бойынша әскери міндетті атқару аясында жергілікті бюджеттен 200 миллион теңге қаражат бөлінді. Аталған қаржы дәрігерлердің еңбекақысына, әскерге шақырылушыларды тасымалдауға, облыстық және қала, аудандық шақыру пункттерін күтіп ұстауға, жетіспейтін медициналық материалдық-техникалық құралдар мен шығыс материалдарын сатып алуға және үш мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жұмсалады. Бүгінде медициналық комиссиялар білікті дәрігер-мамандармен және қажетті медициналық құралдармен толық қамтылды»,  деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Медет Усаин.

Әскерге күзгі мерзімде шақыру кезеңі биылғы қыркүйектің 9-ынан басталған болатын. Әскерге жөнелту желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Осы орайда жасақтау басқармасының мерзімді әскерге шақыру бөлімінің бастығы, майор Нұржан Беркімбайұлы азаматтарды әскерге жіберу кезінде санитарлық талаптардың қатаң сақталып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, медициналық тексерістен өтіп, әскери бөлімдерге жіберу үшін командаға енгізілген азаматтар COVID-19 инфекциясының оң немесе теріс нәтижесін анықтау үшін ПТР тестін тапсырады.

Жас сарбаздар әскери борышын ҚР Қарулы күштері және ҚР Ұлттық ұланы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі қатарында өтейді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0