пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
13oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

«Бұл қызмет — өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы»: Сыр өңірінде еріктілері марапатталды

Пандемия уақытында бірліктің үлгісін көрсете білген волонтерлар мен азаматтық қоғам өкілдері облыстық «Жастар ресурстық орталығында» бас қосты. Ауқымды шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Әбжәліұлы Ахмет қатысып, президент пәрмен берген «Волонтерлар жылының» ерекшелігіне тоқталды.

«Президент  биыл еріктілерге ерекше негіз берді. Еліміздің түкпір-түкпірінде ауқымды істер іске асырылды. Жыл басынан бері Сыр волонтерларының көмегімен өңірімізде 8 451 мұқтаж отбасыға әлеуметтік көмек көрсетіліп, көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 4 870 отбасының мектеп жасындағы балаларына қажетті оқу құралдары табысталды. Шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданғаннан бері өңірде «Сыр волонтерлары» орталығы құрылып, жұмылудың жарқын үлгісін көрсеткенін айту керек. Бұл бағыттағы жұмыстарды облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанындағы «Волонтерлардың фронт-офисі» де жүйелі жалғастырып келеді. Пандемия өршіген тұста олар басты қажеттілікке айналған – дәрі-дәрмек, бетперде, мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестіру, жоғалған азаматтарды іздеу ісінде де белсенділік танытты. Дәрігер нұсқамасы негізінде 210 қала тұрғынына дәрі-дәрмек, 255 медицина қызметкерінің отбасы азық-түлік өнімдері, ауруханаларда үздіксіз еңбек еткен 1700 медицина қызметкері ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Көмек ретінде 72 оттегі баллоны ауруханаларға жеткізілді», — деді С. Ахмет.

Шарада Серік Әбжәліұлы әлемді дүрбелеңге салған індет ешкімді бейжай қалдырмағанын, осы тұста халық игілігіне қызмет еткен жастарға ерекше ризашылығын білдірді. Жас кәсіпкер Ренат Рыс, блогер Ave Adikus-ты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық Алғысы» медалімен, өзге де волонтерларды облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

«Елдің қамын басты орынға қоятын азаматтардың арқасында біз індетті бірлесе еңсерудеміз. Президент те қайырымдылығын аямаған, қиын кезеңде бірліктің нағыз үлгісін көрсете білген барша азаматқа, азаматтық қоғам белсенділеріне, соның ішінде волонтерлерге ерекше алғысын білдіріп, «Халық алғысы» медалін табыстауда. Мұның барлығы – еткен еңбектің, төккен тердің жемісі. Министрлік те сіздердің қоғамдық негіздегі бастамаларыңызбен қолға алынған өңірлік фронт-кеңсенің жұмысын өз алдына дербес құрылым ретінде құруды ұсынуда. Бұл мәселе алдағы уақытта зерделеніп, тиісті шешім қабылданатын болады. Баршаңызға алғыс білдіреміз!», — деді облыс әкімінің орынбасары.

Еркін форматта өткен жиын ашық пікір алмасу алаңына айналды. Волонтерлар «Бұл қызмет — өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы. Ал, жүректің жұмысы жанданса, қоғам өркениетке өздігінен қадам басады» деген ойын білдірді және олар үшін бастысы марапат емес, маңыздысы ел амандығы мен елдің ықыласы екенін айтты.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0