Нұр-Сұлтан қаласында мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық «Рухани қазына-2020» фестивалінде Жалағаш ауданы Аққұм ауылдық клубы үздік атанды. 1 млн теңге көлемінде қаржылай сыйлық иеленді.
Карантин кезеңінде аудандағы барлық мәдениет үйлері онлайн форматта өнерлерін көрсетті. Өткізілген барлық іс-шаралар «Өнерлі өлке — Жалағаш» атты YouTube арнасы мен мен Facebook әлеуметтік желілерінде жариялануда.
Биыл Қ.Қазантаев атындағы аудандық және Таң ауылдық мәдениет үйі ғимараттары жөнделді. Оған «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында 63 637,9 мың теңге қаржы бөлінді. Ал М. Шәменов елді мекеніндегі ауылдық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге жоба-сметалық құжат әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.