понедельник, 20 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Г. Әбдіқалықова орман шаруашылығы ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттады

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Орман шаруашылығы қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай аймақтағы бірқатар сала ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтады.

«Қазақстанның шөлді аймағында орналасқан біздің өңір үшін орман шаруашылығының өз орны бар. Тыныс-тіршілігіміз үшін маңызы зор саланы нығайтуда сіздер білікті де білімді, іскер де қабілетті маман ретінде өзгелерге үлгі-өнеге болып, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық және орман шаруашылығы салаларының дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді даналарымыз. Олай болса, Сыр елінің табиғатын сауықтыру, орманды сақтау, қорғау мен молықтыруға әрі қарай да аянбай еңбек ете беретіндеріңізге сенім білдіріп, қиындығы мен қызығы қатар жүрген еңбектеріңізге толағай табыс, шаңырақтарыңызға шаттық, құт-береке тілеймін», — деді аймақ басшысы Г.Әбдіқалықова.

Аймақ басшысы облыстың экологиялық жағдайын жақсартуда орман шаруашылығының қызметі ерекше екіндігін атап өтті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0