пятница, 10 мая 2024 г.
icon
439.43
icon
473.31
icon
4.82
Алматы:
icon
19oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары облыстық комиссияның кезекті отырысы өткізді

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Комиссия отырысына Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов төрағалық етті.

Комиссия отырысына комиссия мүшелері, прокуратура, полиция, көліктегі полиция және төтенше жағдайлар департаменттері, білім беру ұйымдарының басшылары, сондай-ақ, селекторлық байланыста аудан әкімдерінің орынбасарлары, сала бөлімдерінің басшылары қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде 4 мәселе, атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін арттыру және қауіпсіздік ережелерін сақтау шаралары, белсенді аймақтардан келген балаларды оңалту бағытындағы жұмыстар, кәмелетке толмағандарың құқықтарын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссиялардың есебі жөніндегі мәселелер қаралды.

Мәжіліс барысында балалар қауіпсіздігі мен құқықтарының сақталуына байланысты облыстық прокуратура өкілімен бірқатар ұсыныстар жасалып, аудан, қала әкімдіктеріне, комиссия мүшелеріне, үкіметтік емес ұйымдар, құқық қорғау органдарына бірқатар тапсырмалар берілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0