воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
15oC
1xadv
×

Жылыту маусымына дайындығын тексеру: Гүлшара Әбдіқалықова бірқатар нысандарын аралады

Қызылорда облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жылу маусымының басталуы қарсаңында Қызылорда қаласындағы бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен өңір басшысы «Қызылордажылуэлектрорталығының» Оңтүстік бу қазандығының жылу маусымына дайындық жұмыстарымен танысты.

Аталған бу қазандығының жылу энергиясын қаладағы 197-і көп қабатты үй, 5 балабақша, 10 медициналық мекеме, барлығы 763 нысан тұтынады. Жылу қазандығы газбен жылытылады, резервтік отын ретінде 644 тонна мазут алынған. Жылыту қазандығы 10 қазанда толық іске қосылмақ. Аймақ басшысы дайындық жұмыстарын дер кезінде аяқтап, қала тұрғындарын уақытылы жылумен қамтуды қатаң тапсырды.

Мұнан кейін облыс әкімі Ә. Бөкейханов көшесінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан УТ-15А магистралды жылу желілерін қайта құру жобасын назарға алды. Ұзындығы 1 567 метр жылу желісін «Авангард» ЖШС қайта жүргізуде.

«Пандемия уақытында біз тұрғындардың денсаулығына аса мән беруіміз қажет. Қазіргі уақытта күн суып келеді. Сондықтан қала халқына дер кезінде жылу беріп, олардың «тұмау» секілді ауруларға шалдығуының алдын алайық. Ол үшін мердігер мекеме осы жұмысты 10 қазанға дейін аяқтап, қалалықтардың тоңбауына жұмыс жасауы тиіс» — деді Г. Әбдіқалықова.

Сондай-ақ облыс әкімі №15 Автономды блокты-модульді қазандығының жұмысын да көрді. «Арай-2» шағын ауданында орналасқан «Қызылордажылуэлектрорталығына» қарасты қазандық 2015 жылы пайдалануға берілген. Қазандық осы аудандағы 19 көпқабатты үйді жылумен қамтамасыз етеді.

Сырдарияның сол жағалауындағы үйлерді жылумен қамтамасыз ететін автономды блокты-модульді қазандығының құрылысы да 15 қазанға дейін толық аяқталады деп жоспарлануда. Бүгінде сыйымдылығы 2 дана су қоймасының құрылыс-монтаж жұмыстары, қазандыққа қажетті жоғарғы қысымды газ құбырларын, ауыз су құбырларын тартып, қазандықты монтаждау, ғимараттың ішкі бөлмелерін салу, моржаларының монтаждау және ішкі құбырларын жүргізу жұмыстары жүргізілген.

Келісімшарт бойынша құрылысты аяқтау желтоқсан айы деп белгіленгенмен, мердігер мекеме жылу маусымының басталуына дейін жұмысты толық орындайтындығын жеткізді.

Аймақ басшысы қазандық құрылысын сапалы аяқтап, сол жағалаудағы 32 көпқабатты үй мен 2 әлеуметтік нысанды дер кезінде жылу жүйесіне қосуды тапсырды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0