четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Биыл Шиеліде жаңадан 3 сауда дүкені және 1 күріш ақтау зауыты іске қосылды

Шиеліде сауда-саттық саласы бойынша жаңадан жобалық құны 140 млн теңгені құрайтын 3 сауда және 1 күріш ақтау зауыты құрылысы аяқталып, іске қосылды.

Жобалық құны 40 млн болатын «Азамат» бизнес орталығы ғимаратын жалға алып, кәсіпкерлер тігін цехы, мата сату дүкені, дәріхана ашты. Жаңадан 12 адам жұмыспен қамтылса, жобалық құны 50 млн теңгені құрайтын «Нұрбер-2» құрылыс заттар дүкенінде 6 адам жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ, «Ермат» жиһаз сату дүкенінің жобалық құны 30 млн. теңге болса, «Тұрлыбаев Досжан» күріш ақтау зауыты тәулігіне 60 тонна ақ күріш, 20 тонна құрама жем өндіріп, 6 адамды жұмыспен қамтуда.

 

Сонымен қатар, аудан бойынша экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 38,1 мың. Оның 36,2 мыңы жұмыспен қамтылған. Жұмыссыздық деңгейі — 4,9% (1 847 адам), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,5%.

Халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген 3 207 жұмыс іздеушінің 1 176-сы бос жұмыс орындарына орналастырылды. 2020 жылдың 9 айында аудан бойынша 2148 жаңа жұмыс орны құрылған.

Шиелі ауданы бойынша төтенше жағдай кезеңінде наурыз, сәуір, мамыр, шілде, тамыз айларына 7307 азаматқа 94,6 млн теңге төленді.

«Nur Otan» партиясының ұйымдастыруымен «Birgemiz» қоғамдық қорынан халықты әлеуметтік қолдауға мұқтаж топтарына жататын 1 600 отбасына 50 мың теңгеден 80 млн теңге қаржылай көмек көрсетілді.

Сонымен қатар демеушілер есебінен 2635 тұрмысы төмен отбасыларға 19,5 млн теңгеге азық-түліктей көмектер берілді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0