суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Қызылорда облысында карантин талаптарын бұзу фактілері азаймай тұр

Қызылорда облысында карантин мерзіміне қарамастан 765 заң бұзушылық анықталды. Атап айтқанда, оның 372-сі халыққа қызмет көрсету нысандарында орын алса, ал 375-і үй жағдайында өткізілген мерекелік іс-шаралар. Сонымен қатар, көшедегі топтық жиындар бойынша 18 факт тіркеліп отыр.  Бұл 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап бүгінгі күнге дейін аймақтағы 24 мониторингтік топ жүргізген 3 038 рейдтің қорытындысы.

Аталған заң бұзушылықтар бойынша ҚР ӘҚБтК-тің 425-бабының 1-бөлігімен жалпы сомасы 35 766 750 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Карантиндік шектеулерге байланысты талаптарды сақтамау көбінесе қоғамдық тамақтану орындарынан, азық-түлік сататын сауда орындарынан анықталып отыр.  Осы орайда жеке кәсіпкерлікке қатысты 14, нысандарға қатысы бар жеке тұлғаларға 359, ал нысандарға қатысы жоқ жеке тұлғаларға қатысты 392 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ, маска тағу ережесін бұзу бойынша 269 дерек және әлеуметтік арақашықтықты сақтамауға қатысты, жұмыс жасау уақытының шектелуін бұзу бойынша 60, тыйым салынған нысандардың қызмет көрсетуі бойынша 29, залалсыздандыру талаптарының сақталмауына қатысты 14 заң бұзушылық орын алды.

Қазан айының 29 күні Сырдария ауданындағы «Аңсар», «Гүлмира», «Нұрлыхан», «Нұртөре» дүкендерінің сатушылары мен «Наташа» фотосалонының қызметкері бетпердесіз және қорғаныш қолғабын кимей халыққа қызмет көрсеткендігі үшін 5 жеке тұлға 208 350 теңге әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен қатар, Шиелі ауданында тұрғын үйде той өткізген жеке тұлғаға 41 670 теңге көлемінде айыппұл салынғандығын айта кету керек.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0