четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Сыр өңірінің жедел жәрдем қызметіне 42 дана автокөлік кілттері табысталды

Бүгін лизинг арқылы республикалық бюджеттен Қызылорда облыстың жедел жәрдем қызметіне барлығы 42 дана санитариялық автокөлік кілттері табысталды.

Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы еліміздегі Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының бағалау рейтингі бойынша алдыңғы қатарда тұр. Алыс елді-мекендердің халқы сапалы және дер кезінде жедел медициналық көмектің қолжетімділігін анық сезінуде.

«Республикалық маңызы бар трассалардағы жол-көлік оқиғасында зардап шеккен жолаушыларға алғашқы көмек көрсетіп келеміз. Оны дер кезінде орындауда санитарлық автокөліктердің техникалық жағдайы әсер ететіні сөзсіз», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазилов.

Бүгінде аймақта коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 3 264-ке жетті.  Ал індеттен айыққандар саны 3 174, ол жазылып шыққандар қатарының 97 пайызын құрайды.

«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясымен 2 жағдай тіркелді. Оның 1-еуі Қызылорда қаласынан, 1-еуі Шиелі ауданынан тіркелді. Сондай-ақ,  соңғы отыз күнде 19 адамнан індет анықталса, 51 адам әртүрлі кодтағы пневмониядан емделуде. Бұған қоса, 210 инфекциялық төсек орын бар, жүктеме 8 пайызды құрауда. Жансақтау бөлімінде 2 науқас ем алуда. Бізде күннің салқындауына байланысты тымаудың белгілері жиілеуде. Сондықтан әрбір азамат аурудың белгілері білінгенде, бірден тіркелген емханаға хабарласуын сұраймыз. Соңғы күндері бірнеше адам ешкімге хабарласпай үйінде өзіндік ем қабылдап, жағдайы ауырлап, жансақтау бөліміне түсті. Пневмонияның асқынған жағдайына душар болмаудың алдын-алуға тиіспіз. Өзіне жаны ашымағандықтан үйдегілердің өміріне қауіп төндіруге бармауларымыз қажет. Адам жанының арашалары, ақ халатты абзал жандардың жұмысына қолдау көрсету өзіміз үшін маңызды», — деді облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов.

Өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау мақсатында 30 карантиндік төсек орыны ашылды. Бүгінде аймақта 244 өкпені жасанды желдету аппараты іске қосылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0