суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-0oC
Астана:
icon
-8oC
×

Маңғыстау облысының әкімі чемпиондарды қабылдады

Маңғыстау облысы тарихында тұңғыш рет «Боранқұл» жайдарман  тобы Қазақстанның жоғары лигасында жеңіске жетті. Бүгін команда қатысушыларын Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов қабылдап, жеңістерімен құттықтады.

Өңір басшысы бұл жеңіс тек команда үшін ғана емес, бүкіл облыс үшін маңызды жетістік екенін атап өтті. Сондай-ақ, жастарға ұтымды әзіл мен сүбелі сөзбен халықтың көңілінен шығып, жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектестігін білдірді. 

Аталған топ 2012 жылдан бастап жайдарман сахнасында өнер көрсетіп келеді. Бұл жетістіктен бөлек, Маңғыстау облыстық ашық чемпионаты, Республикалық орталық лига, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кубогі сайыстарында жеңіске жеткен болатын.

Жыл басында жоғары лигада үздік команда атағы үшін барлық аймақтардан келген 28 ұжым қатысып, олардың бесеуі ғана финалға жетті. Айта кетсек, бұған дейін аталған сайыста 2019 жылы "Боранқұл" құрамасы ІІ орын, Жаңаөзендік «Мұнай тамшылары» ІІІ орын, 2011 жылы «Барыстар» командасы ІІІ орын алған болатын.

Жиын соңында аймақ басшысы жайдарманшыларды Республикалық жайдарман сайыстарында жеткен жетістіктері мен жастар саясатына қосқан үлесі үшін арнайы алғыс хатпен марапаттады.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0