«Бір қабатты Шығыс»: Жарма ауданында жеке инвесторлардың есебінен тұрғын үйлер салынуда
Бағдарламаның аты айтып тұрғандай, бой көтеріп жатқан баспаналардың барлығы бір қабатты. «Осы бағдарлама арқылы аудандағы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз» дейді жергілікті әкімдік өкілдері.

Бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы ауданда 24 екі пәтерлі тұрғын үй салынса, оның 19-ы Қалбатау ауылында, бесеуі Шар қаласында бой көтерген. Ал биыл екі пәтерлі 15 тұрғын үй салу жоспарланған.
«Оның тоғызы Қалбатауда, алтауы Шар қаласында. Салынып жатқан үйлер аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға табысталуда. Құрылыстың сапасына келсек, тұрғындар тарапынан ешқандай мәселелер жоқ», - дейді Жарма аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Бейбіт Мұхаметқали.
Қазіргі уақытта Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылындағы Әуезов көшесінде 5 бір қабатты үйдің құрылысы қызу жүргізілуде. Аудандық құрылыс бөлімі басшысының айтуынша, мұндағы құрылыс жұмыстары биыл шілде айында аяқталады. Құрылыстың мердігері – «Жарма құрылыс газ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. 2020 жылы осы баспаналарды жеке инвесторлардан сатып алуға облыстық бюджеттен 540 миллион теңге бөлініпті. Аудандық құрылыс бөлімі берген мәліметтерге сүйенсек, биыл салынатын 15 тұрғын үйдің жалпы құны – 357 миллион теңге. Бұл тұрғын үйлердің ерекшелігі, бір үйдің екі отбасыға арналғандығында. Қазір Әуезов көшесіндегі жаңа үйлердің құрылысы қарқын алған. Құрылысшылар нысанды белгіленген мерзімде тапсыруға тырысамыз деп отыр.
«5 үй салып жатырмыз. Жұмыс қызу жүріп жатыр. 4 бригада жұмыс істейді. Онда 20 шақты адам бар. Материалдар жеткілікті. Шілде айында бітіреміз деген ойдамыз» дейді құрылысшы Нұржан Бөгембаев.
«Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы Жарма ауданында алдағы жылдары да жалғасын табады. Биыл екі пәтерлі 15 тұрғын үй салынса, 2022 және 2023 жылдары дәл осындай 13 баспана бой көтермек.
-
Снимок Путина на высоких каблуках вызвал горячие споры в Сети28.01.2023, 09:00Несколько месяцев пролежал в своей квартире актюбинский пенсионер28.01.2023, 00:00Россиянам больше не продают новые авто в Казахстане28.01.2023, 03:00Неожиданный «сюрприз» обнаружил в холодильнике акима Степногорска журналистСегодня, 03:36Названа причина смерти сенатора Гульмиры Каримовой28.01.2023, 17:25Обмороженный труп обнаружили возле трассы в Шымкенте28.01.2023, 07:00
-
15:09Больше суток жители Петропавловска жили без воды14:43Новые подробности продажи младенца открылись в Таразе14:00Как казахстанцы могут подать заявку на проверку регистрации авто13:02МЧС показало кадры с места пожара на «Шымбулаке»12:36Десятки трупов собак обнаружили в яме близ Актау11:54Аким пересел за руль автобуса в Павлодарской области11:13Америнканец выучил казахский язык по песням группы Ninety One10:39Резко снизилась суточная заболеваемость коронавирусом в Казахстане10:10Уникальные куклы мастерицы из Кокшетау путешествуют по миру09:55Трехэтажный ресторан загорелся на «Шымбулаке»09:12Новак Джокович обратился к Елене Рыбакиной после финала Australian Open-202308:50Военнослужащий спас пожилую женщину в пожаре в Жетысу08:10В суд передали дело директора школы, с ножом напавшего на жену и ребенка07:37За высокие цены на подсолнечное масло накажут поставщиков в Мангистау06:4916 тыс казахстанцам запрещено выезжать из страны из-за долгов по алиментам