суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
4oC
1xadv
×

Қауіпсіздік басты назарда: Шығыс Қазақстанда 26 лагерь жұмыс істеуде

Жазғы демалыс басталысымен  балалар күнін қызықты өткізу үшін лагерьді асыға күтетіні анық. Шығыс Қазақстанда қазір 26 лагерь жұмыс істейді. ШҚО ТЖД мамандары балалардың демалысын ұйымдастыру және сауықтыру мәселелері бойынша қосымша түзетулер енгізді. Осы орайда мамандар қауіпсіздік ережелерін оқушыларға үйрету үшін арнайы іс-шара өткізді.

 

"Қауіпсіздік күнін" деп аталатын шарада балғындарға орманда, су айдынында өзін дұрыс ұстай білу, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, қиын жағдайға тап болған сәтте қалай әрекет ету керек екендігін үйретті.

Құтқарушы мамандардың атқарып жатқан іс-шаралары, эстафеталары, байқаулары, шығармашылық шараларының бәрі балалардың болашағына зор ықпал етері анық. Мұның өзі оларға таңсық болғандықтан, әрқайсысы қызыға ат салысып жатыр. Барлығы белсенді. Құтқарушылардың ауыр жұмысын білетін балғындарымыз олардың айтқан әр кеңесін естеріне сақтары хақ. Тәрбиелік маңызы өте зор,- дейді лагердің аға тәлімгері Серік Алпышев.

Демалыс орнында оқушыларға құтқарушылардың құрал-жабдықтарын пайдалана отырып түрлі кедергілерді еңсеріп, шұғыл жағдайда әрекет етуді көрсетті. Шара аясындағы  ең қиын тапсырма өрт сөндіру киімдерін киіп, берілген аумаққа дейін жүгіру. Әлішер Мұхамедиев өзі кіші болса да сақтық шараларын үйрену адам үшін негізгі міндет,- дейді. «Мен бүгін ұйымдастырылған әртүрлі ойындардан көп нәрсе түйдім. Мысалы, төтенше жағдай болған сәтте адам қобалжымай сабырға келуі керек. Бізге мамандар арнайы киімдерін берді, оны өзімізге кигенде ерекше сезімде болдық. Біздің команда 2-ші орын алып қалса да, көңіл күйім тамаша. Мен енді түсіндім өрт сөндіруші мамандығы қиын екенін. Көп күшті қажет етеді».

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша жазда оқыс оқиғалар көп тіркеледі. Мұндай олқылықтың алдын-алу үшін бірінші балаларға сақтық шараларын үйрету қажеттігі аса маңызды. ШҚО ТЖД Баспасөз хатшысы Марина Лискованың айтуынша, ең басты мақсат - викторина арқылы балаларға маңызды мәселелерді  түсіндіру. Жер сілкінісі болған сәтте не істеу қажет, өрт кезінде 112 ге хабарласуын, суға түсерде терең жерлерге бармауын, ата-ана қарамағында жүруді барынша есте сақтау керектігін жеткізу. 

Шара қорытындысы бойынша "Шаңырақ-11" жасағының балалары жеңімпаз атанды, олар экстремалды жағдайда әрекет ету кезінде оза шапты.  Ойынның жүлдегерлеріне сыйлықтар пен арнайы мақтау қағаздары табысталды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0