понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-4oC
×

«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстандағы аудандар жас кадрлармен толығуда

Тәуелсіздіктің 30 жылында жас мамандарды ауылға тарту бағытында қолға алынған ауқымды жобаның бірі – «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы. Аталмыш бағдарламаның нәтижесінде талай ауылда кадр тапшылығы жойылып, білім сапасы жаңа деңгейге көтерілді.

Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Елбасының 2007 жылғы 5 наурыздағы тапсырмасына сәйкес жобаны іске асыру ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген әлеуметтік сала мамандарын қолдауға бағытталған. Әлеуметтік саладағы білікті мамандардың тапшылығы және ауылдық жерлерде көрсетілетін білім беру, медициналық және өзге де әлеуметтік қызметтер сапасының қанағаттанғысыз болуы аталған тапсырмаға негіз болды. Қазіргі уақытта мемлекет тиісті әлеуметтік қолдау көрсетіп, ауылдық жерлерде жас мамандарға жұмыстар ұсынуда. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында қаладан келген жас маман көтерме жәрдемақы және пайызсыз несиеге қол жеткізіп, баспана алуға мүмкіндік алады. Бюджетті несие 0,1 пайызбен 15 жылға беріледі. Тек Шығыс Қазақстан облысында былтырғы жылы 383 маманға 1млн 480 мың теңге қаржы бөлінді.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша адам басына 1500 есептік айлық көрсеткіш мөлшерінде беріледі. Егерде маманның алатын үйі сомадан артып кететін болса қалған соманы банктың пайыздық көрсеткіші бойынша қосымша несие ала алады. 2020 жылы 459 жас маманға несие, 503 маманға көтерме үстемақы тағайындалған. Бұл жоба биыл да жалғасуда. 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде тұрғын үйге бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсынуға жыл сайын 20 млрд. теңге жоспарланған, бұл ретте өңірлердің қажеттілігі шамамен 27 млрд теңгені құрайды.

«Дипломмен - ауылға» бағдарламасы талай жас маманның тәжірибе жинақтауына мүмкіндік берді. Мемлекет басымдық берген бұл жоба арқылы медицина, білім және мәдениет салалары білікті, білімді жас мамандармен толығып жатыр. Олар ауылды көркейтуге өз үлестерін қосуда. Диплом алған әрбір жас маманға оқуды бітіре сала жұмыс табу оңайға соқпайды. Себебі жұмыс берушілердің көпшілігі жұмыс тәжірибесін талап етеді. «Дипломмен – ауылға» мемлекеттік бағдарламасы  аясында Шығыс Қазақстандағы Жаңа Шүлбі ауылы да жас кадрлармен толығуда.

Жас маман Ақерке Бабайқары Жетісу өңірінің тумасы. Сарқан гуманитарлық колледжін суретші мамандығы бойынша тәмәмдағаннан кейін араға бір жыл салып жолдасымен Бородулиха ауданына қарасты Жаңа Шүлбі ауылына қоныс тепкен. Мұнда "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша болашақта бюджеттік несие есебінен сатып алғысы келетін тұрғын үйді жалға алуда. Ақерке жергілікті Мәдениет үйінде кітапханашы болып жұмыс істейді. «Павлодар, Шығыс Қазақстан өңірлерінде жастарды қолдау мақсатында жұмысқа орналастырып жатқанын естігеннен кейін, осы шағын ғана ауылға келдік. Қазір мәдениет саласында бек етіп жүрміз. Қызметім өзіме де ұнайды» дейді жас маман. Ақеркенің жолдасы Ерсін Бақытәлі де осы мәдениет үйінде еңбек етеді. Ол Қ.Байсейітов атындағы Талдықорған музыкалық колледжінің түлегі. Жас маманның айтуынша, ауылдық жерлерде ұлттық өнердің ұлықталуына, дәстүрлі музыканың жаңғыруына үлес қосу мақсатында Шығыс Қазақстанға көшіп келген.

Ауылға жас мамандарды тартуды мұрат еткен  "Дипломмен - ауылға" бағдарламасының табысты іске асырылуы ауыл экономикасын көтеріп, тұрғындардың әл-ауқатының артуына мүмкіндік берері анық.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1