Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцинациялау қарқынды жүргізіліп жатыр. Мәселен, Зайсан ауданының тұрғындары арасында қауіпті індетке қарсы екпені өз еркімен алуға ниет еткендердің қатары артып келеді.
Зайсан ауданында қатерлі індетке қарсы екпе салу ақпан айының алғашқы күнінен бастау алған. Бүгінгі күні мұнда 10 720 доза вакцина жеткізілген. Медицина қызметкерлері тұрғындар арасында ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын тұрақты түрде ұйымдастырылудаған. Вакцинация шарасы аудандық аурухана мен елді-мекендердегі медициналық мекемелерде жүргізіліп жатыр.
Аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жексенбай Тілеуберлиннің айтуынша, вакцинация науқаны қарқынды жүргізілуде. «Бүгінгі таңда аудан халқы бойынша ересек адамдарының 75 пайызы ұжымдық иммунитет пайда болу үшін жоспарланған 18 440 адамның 6 585-і 1 компонетті алды. 3 785 адам 2 компонеттік вакцинаны салғызды. Жалпы жиыны 9 516 адамға вакцина алды,- дейді дәрігер.
Аудан тұрғыны Жанарбек Қизатұлы жұқпалы індетке қарсы екпені өз еркімен алуға келгендердің бірі. Оның айтуынша вакцина өзін ғана емес, отбасы мен жақындарын дерттен сақтауға септігін тигізеді. «Жағдайым жақсы. Ешқандай кері әсерін сезіп тұрғам жоқ. Вакцина алу үшін арнайы жұмыстан босатты» дейді тұрғын.
Ал ұжымдық иммуниттеті қалыптастыру шаралары жүргізіліп жатқан екпе кабинеттері тиісті температуралық режимі бар қажетті тоңазытқышпен, термоконтейнермен толық қамтамасыз етілген.