«Еңбек армиясы»: Шығысқазақстандық зерттеушілер тарихи жобаны жалғастыруда
Тәуелсіздіктің 30 жылында тарих саласына ерекше назар аударылып келеді. кезінде бұрмаланған оқиғалар туралы тарихи шындықты бүгінгі және келер ұрпақ білуі маңызды. Осы мақсатта өткен жылы Өскемендегі Пушкин атындағы облыстық кітапхана тың жобаны іске асыруға кірісті. Алғаш рет кітапхана ұжымы екінші дүние жүзілік соғыс жылдарында еңбек армиясында болған шығысқазақстандықтарды іздеуге кірісіп кетті. Құрамы алты-ақ адамнан тұратын өлкетану секторының мамандары жас ұрпақ тарихи шындықты білуі үшін бағалы жобаны қолға алды.

Көпшілік тыл еңбеккерлерімен шатастыратын «еңбек армиясын» жалпақ жұрт біле бермейтін құпиясы баршылық. «Еңбек армиясы» туралы деректер өте аз. Тіпті, «Трудовая армия» деген атауы да ресми емес. «Әскерге алынды» деген желеумен кетіп, бірақ, қолына қару алып, жаумен бетпе-бет шайқаса алмай, майдан шебінде адам төзгісіз жағдайда қара жұмысқа жегілгендер, тұтқынның ар жақ, бер жағында өлмес күн кешкендер. Зерттеушілер намыстан күйіп, өздерін өздері осылай атап, жұбанған тәрізді,- деп болжам айтады.
«Еңбек армиясына неміс ұлтынан 121 мың азамат қатысыпты. Корей ұлтынан 30 мың адам. Қазақтардан 200 мың адам қатысқан. Сол 200 мыңның ішінен ШҚО-нан 50 адам тапсақ та үлкен борышымызды ақтадық деп санар едік. Басында таба алмай, анда да, мында соғылдық. Ең аяғында бірін-бірі табуға сеп болды» дейді жобаның басы-қасында жүрген облыстық кітапхананың бөлім жетекшісі Рахия Уалханова.
Ел көлемінде алғаш болып Шығыста қолға алынған жобаның әлі талай тың деректерді жарыққа шығарары анық.
Рахия Уалханова, А.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың бөлім жетекшісі: «Сол жандардың ұрпақтары «әкелеріміздің еңбектері мүлде бағаланбады» дейді. Көпшілігі әке-шешелеріміз тыл еңбеккерлері деп 9 мамырда мәдениет үйлеріне барып, оларға құрмет, құттықтаулар жасалып жатқан кезде менің әкем үйде жылап отыратұғын» деп еске алады. Олардың еңбектері еш уақытта бағаланбапты. Соңғы кезде материалдарды жинап жатқан кезде балалары жылап: «Ее, ақыры менің де әкем ескерілетін болды ғой бұл өмірде» деп өздерінің көз жастарын тыя алмаған кездері болды»
Зерттеушілер жобаны әлі де жалғастырмақ ойда. 1 жылдан бері зерделеніп келе жатқан жобаға қызығушылық танытқан ғалымдар да жоқ емес. Жоба жетекшілері бұл істі республикалық деңгейге шығаруды көздейді. Өйткені, есімдері еленбей, кезінде солақай саясаттың құрбаны болған талай жанның атын ақтау – бүгінгі ұрпақтың борышы. «Тарих шындықты сүйеді. Оған тек шынайы, нақты деректерді беру керек» дейді кітапты жинақтаушылар. Электронды кітап алдағы уақытта баспаға жіберілмек.
-
Снимок Путина на высоких каблуках вызвал горячие споры в Сети28.01.2023, 09:00Несколько месяцев пролежал в своей квартире актюбинский пенсионер28.01.2023, 00:00Россиянам больше не продают новые авто в Казахстане28.01.2023, 03:00Неожиданный «сюрприз» обнаружил в холодильнике акима Степногорска журналистСегодня, 03:36Названа причина смерти сенатора Гульмиры Каримовой28.01.2023, 17:25Обмороженный труп обнаружили возле трассы в Шымкенте28.01.2023, 07:00
-
15:09Больше суток жители Петропавловска жили без воды14:43Новые подробности продажи младенца открылись в Таразе14:00Как казахстанцы могут подать заявку на проверку регистрации авто13:02МЧС показало кадры с места пожара на «Шымбулаке»12:36Десятки трупов собак обнаружили в яме близ Актау11:54Аким пересел за руль автобуса в Павлодарской области11:13Америнканец выучил казахский язык по песням группы Ninety One10:39Резко снизилась суточная заболеваемость коронавирусом в Казахстане10:10Уникальные куклы мастерицы из Кокшетау путешествуют по миру09:55Трехэтажный ресторан загорелся на «Шымбулаке»09:12Новак Джокович обратился к Елене Рыбакиной после финала Australian Open-202308:50Военнослужащий спас пожилую женщину в пожаре в Жетысу08:10В суд передали дело директора школы, с ножом напавшего на жену и ребенка07:37За высокие цены на подсолнечное масло накажут поставщиков в Мангистау06:4916 тыс казахстанцам запрещено выезжать из страны из-за долгов по алиментам