вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.51
icon
522.84
icon
4.81
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
0oC
×

«Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті

Арыс қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясында «Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында өзге ұлт өкілдері мен жастардың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды, - деп хабарлады Арыс қаласы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Кездесуге Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысының орынбасары Заңғар Үсіпахметов, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Исмаилов Сейдулла Кеңесбайұлы қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясының  жылы аясында еліміздегі ішкі саяси тұрақтылық пен ынтымақ, бірлікті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, достық қарым-қатынасты нығайтудың маңыздылығы, кемел болашақты қалыптастыруда жастардың рөлі туралы баяндамалар жасады.

«Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Біздің елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Ұмтылу жолы өте ауыр. Қанына, бойына, санасына мықты рухты күшті сіңірген қазақ еліне бұл зілді болмауы тиіс. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық. Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді. Бізбен көршілес кей елдердегі, тіпті алыстағы көптеген мемлекеттер өз ішінде дау-дамай туғызып, жанжалдасып, қанды шайқасқа дейін баратындары жайлы құлағымыз естіп, көріміз көрген. Соларға біздің «Жұмылғанда жұдырық, ашылғанда алақан» болып отырғанымыз үлкен сабақ болуы керек», - деді Заңғар Нышанбекұлы.

Мұнан кейін ұлтаралық татулықты нығайтудың маңыздылығын ашатын бейнеролик көрсетілді. Кездесуге қатысқан жастар көкейлеріндегі сұрақтарды қойып, тұщымды жауаптар алды. 

Кездесу соңында естелікке суретке түсіп, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары ақпараттық қолдаулар көрсетті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0