вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.51
icon
522.84
icon
4.81
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
-1oC
×

Оңтүстікте патриоттык әң байқауы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Оңтүстік Қазақстан облысының опера және балет театрында патриоттық әндер байқауы өтті.

Патриоттық  әндер  байқауы  келешек  ұрпақтың  бойына  туған  еліне, Отанға  деген сүйіспеншілік сезімін ояту мақсатында ұйымдастырылды.

Байқауға  қатысушылардың  жас  ерекшеліктеріне  шек  қойылған жоқ.

Аталмыш іс-шараға этномәдени бірлестіктер мен олардың аудан, қалалардағы филиалдары ұсынған үміткерлер, облыс аумағындағы елді  мекендерден келген өнерпаздарқатысып, сахнада бағын  сынады.

Байқау мақсаты Оңтүстік өңірінде тұратын түрлі этнос өкілдерінің бірлігі мен достығын нығайту, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.

Үміткер әншілер патриоттық бағыттағы қазақстандық ақындар мен композиторлардың шығармаларын орындады.  

«Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясы қазақстандықтар үшін бірегей тарихи құжат болып табылады. Патриотизм - ол Отанға деген сүйіспеншілік, оған адал болу, қорғау, оның мүддесі үшін қызмет ету. Бүгінгі байқауға қатысушылардың патриоттық сенімдері «Мәңгілік ел» идеясына қолдау болып табылады» - деді байқауды ұйымдастырушы Оңтүстік Қазақтан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры Е.Байқонақов.

Дауыс ырғағы мен талантқа жіті көңіл бөлген қазылар алқасы байқау қорытындысы бойынша III орынға Р.Ходжиевті (тәжік этномәдени бірлестігі), Ш.Ходиметовты (өзбек этномәдени бірлестігі) және О.Хоменконы (неміс этномәдени бірлестігі) лайық деп тапты. II орынды Б.Сейітбеков пен А.Байтемирова (қарақалпақ этномәдени бірлестігі) иеленді. I орынды Бәйдібек ауданынан қатысқан К.Қасенов алса, кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасының ортақ шешімімен М.Заббарханов (өзбек этномәдени бірлестігі) Бас жүлдені жеңіп алды.

«Дала дауысы», «Көрермен көзайымы», «Ең үздік әртістік қабілет», «Ең үздік жас әнші» номинациялары лайықты төрт үміткерге табысталып, қалған 14 қатысушы алғыс хаттармен марапатталды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0