Атырауда дәрігерге ЖИ арқылы жазылуға болады: жүйе 15 емханада іске қосылды

Атырау облысындағы 15 емхана мен алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымында пациенттермен байланыс жасайтын «Akylmed AI» бірыңғай жүйесі іске қосылды. Жасанды интеллект негізіндегі платформа дәрігерге жазылуға көмектесіп, скрининг пен вакцинацияға шақырады және тұрғындардың өтініштері мен шағымдарын қабылдайды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі.

Акимат Атырауской области
Акимат Атырауской области

№6 қалалық емханада жаңа жүйе 37 мыңнан астам пациентті қамтып үлгерді. Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов цифрлық платформаның жұмысымен танысты.

«Әсел» виртуалды операторы тәулік бойы жұмыс істейді. «Damumed» медициналық ақпараттық жүйесімен интеграцияланған жүйе пациенттердің дәрігерге жазылуына көмектесіп, анықтамалық сұрақтарға жауап береді. Қабылдауға жазылу мамандардың кестесіне сай жүргізіледі, дәрігер пациент туралы мәліметті бірден көре алады.

Бұған қоса, жүйе тұрғындарды скринингке, вакцинацияға және флюорографияға шақырады, сақтандырылмаған азаматтарға МӘМС мәселелері бойынша ақпарат береді. Сондай-ақ қызмет көрсету сапасына қатысты сауалнамалар жүргізеді, шағымдарды қабылдап, оның қаралу мерзімін бақылауға мүмкіндік береді. Бұл емханаларға халықты профилактикалық тексерулерге белсендірек тартуға көмектеседі.

№6 емханада ЖИ негізіндегі өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы да бар. Тұрғындар оның көмегімен  ақпарат алып, кейбір мәселелерді тіркеу бөліміне бармай-ақ өзі шеше алады. Бұл қызметкерлердің жүктемесін азайтып, жекелей қатысуды  қажет ететін өтініштерге мейлінше көбірек көңіл бөлуге жағдай жасайды.

Денсаулық сақтау басқармасы жүйеге қосылған барлық медициналық ұйым бойынша жиынтық талдауды көре алады. Кейін өтініштерді, емханалардағы кезек пен жүктемені жедел бақылауға алу мақсатында деректерді ситуациялық орталыққа қосу жоспарланып отыр.

Атырау облысы – ЖИ негізіндегі бірыңғай медициналық коммуникация жүйені орталықтандырылған форматта енгізген елдегі алғашқы өңір. Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономика мен әлеуметтік саланың барлық бағытына, соның ішінде денсаулық сақтау саласына жаппай ЖИ енгізу туралы тапсырмасын орындау шеңберінде іске асты.

Келесі кезеңде пациенттерге арналған цифрлық сервистерді дамыту қолға алынбақ. Облыс әкімі бұл орайда тұрғындарға қолайлы уақытта өз бетімен дәрігер қабылдауына жазылуға мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірлеуді тапсырды. Ол платформа пациент қабылдауға келмес бұрын оның шағымы мен ауру белгілері жайында мәлімет жинау үшін де қолданылмақ. Бұл дәрігердің бастапқы анамнез жинау уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, пайдаланушының енгізген деректеріне қарай қосымша ақпарат пен алдын ала ұсыныстар да беріледі.

«Цифрлық шешімдер нақты нәтиже көрсетіп, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетіп, медициналық қызметтерді азаматтарға  қолайлы ете түсуі керек. Ендігі қадам – пациентке мобильді қосымша арқылы қабылдауға өзі жазылуға мүмкіндік беру. Бұл орайда құпиялылық пен деректерді қорғау міндетті шарт болуы тиіс», – деп атап өтті Болат Ақшола

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0