Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі этнос өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, этносаралық қатынастар мәселесі «Қоғамдық келісім» КММ тарапынан бақыланып, зерттеліп отырады.
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Е.Байқонақов мәлім етті.
Аталмыш мекеменің этносаралық қатынастар саласының ахуалдық мониторингі және талдау бөлімі ғылыми зерттеулерді үйлестіру және әдістемелік әзірлемелер бөлімімен бірлесе отырып 21 шілде мен 28 қазан күндері аралығында 4 тақырыпта 6970 респондентке арналған социологиялық сауалнамалар жүргізген.
Мәселен, 2015 жылғы 21 шілде мен 5 тамыз күндері аралығында «Жергілікті жерлердегі түрлі этностар өкілдерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы» (290 респондент), 2015 жылғы 18 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында «Облыстағы этносаралық қатынастар мәселесі» (1670 респондент), 2015 жылғы 22 кыркүйек пен 2 қазан күндері аралығында 3340 (екі тақырыпты қосқанда) респондентке арналған «Түрлі ұлт өкілдерінің патриоттық деңгейі» және «Қоғамдық-саяси жағдай және өзекті мәселелер», 2015 жылғы 19-28 қазан күндері аралығында «Облыстағы этносаралық қатынастар мәселесі» (1670 респондент) тақырыптарында барлық қала, аудандарда социологиялық сауалнамалар жүргізілген.
«Осы сауалнама нәтижесінде облыстағы этносаралық қатынастар мәселесін, олардың экономикалық әлеуметтік жағдайы, патриоттық деңгейі секілді мәселелерді қадағалап, бақылап отырамыз. Қазақстан Кеңестер одағы тұсында «халықтар достығының лабораториясы» деген атаққа ілініп, кез келген Кеңестік Социалистік Республиканың азаматы үшін өмір сүруге, шығармашылықпен айналысуға, елдің азаматы болуға қолайлы мекенге айналды. Еліміз бүгін де сол қалпынан танған жоқ. Алайда, қазіргі Қазақстан жағдайында этносаралық қатынастарды үйлесімді мағынада өрбіту қажеттілігі бар екені даусыз. Тек оны басқа этникалық мәдениет үлгілерінен Қазақстанның негізгі ұлты – қазақтардың құндылықтар әлемін оқшаулау арқылы емес, қайта басқа этнос қауымдастықтарының мәдени кеңістігіне жақындату арқылы жүргізу керек екені байқалады», - деп атап өтті Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Е.Байқонақов.
-
Уголовное дело завели против сепаратистов из Петропавловска, объявивших о своей независимости31.03.2023, 06:41Загадочно умер отец одного из насильников второклассника в Алматинской области31.03.2023, 16:33Айтыскер ақындар жаңадан сайланған депутаттарды мазақ қылды31.03.2023, 13:04Подросток заказала убийство матери, чтобы жить с парнем31.03.2023, 14:15Актюбинец через суд добился сожительства с бывшей женой и ее возлюбленным31.03.2023, 10:09Получивший ножевое ранение аким пришел в сознание31.03.2023, 03:29
-
10:19СМИ сообщили о финансовом состоянии Елены Рыбакиной с начала года09:41Туалеты за 10 миллионов установят в Уральске09:00Подросток совершил суицид в Алматинской области08:10Об опасности схода лавин предупредили жителей Алматы и Алматинской области07:30В Китае студентов отправили на каникулы, чтобы они «влюбились»06:40Ребенок и двое взрослых пострадали при резком спуске эскалатора в ТРЦ в Астане06:00Прогноз погоды в Казахстане на 1 апреля05:00Казахстанский тяжелоатлет завоевал золотую медаль ЧМ03:00Рассылку о повышении пенсий на 30-50% распространяют в соцсетях01:00«Цена увеличится минимум в пять раз»: В РК могут подорожать лекарства00:00Полицейский задержан по подозрению во взятке в Уральске