понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-1oC
×

Оңтүстікте «Барбанг» деп аталатын этно-мәдени бірлестік бар

«Барбанг» - бірлікке үндейтін ұйым. Шағын ұйым күрді ұлтының өкілдерін бір қанаттың астына алған. 1995 жылдан бері жұмыс істейді.  Содан бері уақыт талабына сай ұлттық құндылықтарымызды дамытуға, жас ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге, жастар саясаты іс-шараларын жандандыруға сүбелі үлес қосып келеді. Жуырда ұйым өзінің төл мерекесін тойлады.

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 9 мыңға жуық күрді тұрады.  Этномәдени орталықтың мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен этносаралық қатынастар саласында, қоғамда ұлтаралық келісім мен толеранттылықты одан әрі нығайтуда рөлі орасан. Жыл сайынғы мерекеде мемлекет саясатының маңызды тұстары, күрді ұлтының этностық өзгешеліктері, салтты сақтап, дәстүрді дәріптеудегі жоба-жоспарлары талқыланады. Жеткен жетістіктер желісінде концерт қойылады.

Қыдыр Исаұлы, кеш қонағы:

- Біз, күрділер, Қазақстан республика азаматы ретінде өзімізге тең құқық берген, еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және құқықтық тыныс-тіршілігіндегі барлық мәселелерге қатысуымызға кеңінен жол ашқан осындай тәуелсіз елде тұрып жатқанымызды мақтан тұтамыз.

Бұл кеште күрді халқы барынша өз өнерлерін паш етіп, келген қонақтарды таң қалдырды. Орталық жұмысының ұдайы басы-қасында жүретін белсенділер Құрмет грамоталары мен марапатқа ие болды.

Махмуд Алиев, Төлеби аудандық күрді мәдени орталығының төрағасы;

- Бүгін қүрді мәдени орталығының мерекесін өткізіп отырмыз. Бүгінгі мерекеге дайындық өте жоғарғы деңгейде өтті. Қазақстан халқының достығы арта берсін. Қазақстанға осы қүрд халқы да өз үлесін қосып жатыр. Тілегім - халқымыз жайнай берсін, патшамыз аман болып, елімізді басқара берсін.

Тайфур Алиев, Төлеби аудандық күрді мәдени орталығының мүшесі;

Міне, биыл Қазақстан Ассамблеясына 20 жыл толып отыр. Соны тойлап, өткізіп отырмыз. Біздің осы қазақ халқымен ынтымағымыз, достығымыз таусылмасын. Біз Елбасымыздың саясатын қолдаймыз, жасасын Елбасымыз. Халыққа тыныштық, бірлік тілеймін.Мына дағдарыстан аман-есен өтейік.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0