воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
5oC
Астана:
icon
-0oC
×

Польша Республикасының вице-елшісі Павлодарда болды

Павлодарда Польша Республикасының Астанадағы вице-елшісі Даниел Брачишевски мен Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жетпісбай Сейсенбаев, «Облыстық «Полония» поляк қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Виталий Свинцицкийдің кездесуі өтті, деп хабарлайды  NewTimes.kz тілшісі.

«Қоғамдық келісім» КММ медиақамту орталығының жетекшісі Мақсат Айтбаевтың айтуынша, кездесу барысында Жетпісбай Сейсенбаев өңірдегі этномәдени бірлестіктердің жетістіктері мен аналар кеңесі, жастар бірлестігі  үйлестіру кеңесі, ҚХА жанындағы журналистер клубының жұмысы туралы баяндаған.

«Достық» үйінде аймақ этностарының мәдени-тарихи мұрасын сақтау мақсатында мұражай қызмет етеді. Мұражай қорын этномәдени бірлестіктердің өкілдері  әрдайым толықтыру үстінде. Мұнда ұлттық киімдердің, халық тұрмысының, халықтық-қолданбалы өнерінің атрибуттары, сирек кездесетін фотосуреттер мен жазбалар көрсетілген.  Мекеме ашылған күннен бастап «Бірлік - Единство.kz»     халықаралық жастар форумы, «Ертіс – достық өзені» атты фольклорлық-этнографиялық фестиваль сияқты  маңызды шаралар өтетін орталыққа айналған», — деді Оразгелді Қайыргелдинов.

Айта кетерлігі, шетелдік мейман шілде айының соңында жастар күніне орай Краков қаласына сапарға баратын азаматтардың құжаттарын қабылдаған.  

«Өкінішке орай, Польшада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық» үйі тәрізді ұйым жоқ. Мұндай тәжірибе мен сапармен болған бір елде де енгізілмеген. Бұл ұйымдардың басты ерекшелігі - дұрыс бағытта жұмыс істеп, жақсы нәтиже әкелуінде», — деді Даниел Брачишевски.

Еске сала кетейік, Павлодарда облыстық «Достық үйі» мәдени-сауық орталығы 2008 жылғы 30 қыркүйекте ашылған. Бүгінде бұл мекеме қаланың сәулеттік келбетін көріктендірумен бірге жұрт тамашалап, сүйсінетін ғимаратқа айналды. Оның ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан. Достық үйін салу жөніндегі идея иесі – Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы. 5800 шаршы метр ауданы бар төрт қабатты ғимаратта Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, 24 облыстық этномәдени бірлестік, ҚХА жастар бірлестігінің үйлестіру кеңесінің кеңселері, Қанат Болатұлы Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебі және «Достық» үйінің әкімшілігі орналасқан.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0