вторник, 23 апреля 2024 г.
icon
445.66
icon
474.58
icon
4.78
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Павлодарда үздік медицина қызметкерлері марапатталды

Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Естай атындағы мәдениет сарайында өткен салтанатты кеште Павлодар облысындағы денсаулық сақтау саласының дамуына сүбелі үлес қосқан медицина қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

«Бүгінде біз әлемнің үздік емханаларынан үлгі ала аламыз. Соңғы жылдардың ішінде «Болашақ» бағдарламасы аясында 15 медициналық қызметкер Оңтүстік Корея, АҚШ, Израиль мемлекеттерінде біліктілігін арттырды. Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласы қарқынды даму үстінде. Инновациялық технологиялардың қолданысқа енгізіліп, аса күрделі оталардың жүзеге асырылуына өз көзімізбен куә болдық. Хирургия, онкология, гинекология саласында емдеудің замануи тәсілдері қолданылып, денсаулық  сақтау саласында менеджмент жүйесі жетілдірілуде», — деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары  Мейрам Бегентаев.

Бұл күні Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық аурухананың травматолог дәрігері Серік Нұрланов «Алтын скальпель», № 5 емхананың жалпы тәжірибедегі дәрігері Ольга Евграшина «Алтын фонендоскоп» аталымына ие болды. Бұдан басқа, ақ желеңділерге бағалы сыйлық - теледидар табыс етілді. Сонымен қатар, мереке қарсаңында медициналық ұйымдар арасында өткен байқаудың қорытындысы бойынша облыстық кардиологиялық орталық үздік деп танылған. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің марапатына «Мид-фарм» ЖШС-нің директоры Жанат Омарова, Екібастұз қалалық № 3 аурухананың бас дәрігері Күләнда Секенова, Павлодар облыстық кардиологиялық орталық директорының орынбасары Гүлмира Шакирова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы жансақтау және қарқынды терапия бөлімінің меңгерушісі Валерий Пауль және басқалары лайық деп танылды.

Айта кетерлігі, павлодарлық Олеся Пушкинаның анасы қайтыс болғаннан кейін ауыр науқастарға донор болған Надежда Пушкинаға арнайы марапат тағайындалды. 37 жастағы Олеся инсульт алғаннан кейін, оның жүрегі мен бауыры, бүйректері басқа адамдардың өмірін аман алып қалды. Бүгін Олесяға теледидар мен сертификат табыс етілді. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0