воскресенье, 24 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-10oC
×

Павлодарда жомарт жандар өрт салдарынан далада қалған отбасына баспана сыйлады

Павлодар облысында осыдан бір ай бұрын өрттің салдарынан баспанасынан айырылған көп балалы отбасы жаңа баспанаға қоныс аударды, деп хабарлайды NewTimes.kz тілшісі.

Мұндай тосын сыйды күтпеген төрт баланың анасы Эльмира Жасыбаеваның айтуынша, сауапты іс жасаған павлодарлық меценаттар өздерінің аты-жөнін жасырын қалдыруды жөн көрген. Рустам және Александр есімді қос азамат алдымен телефон арқылы сатып алатын баспана іздестіруді тапсырып, төлемақыны өздері өтеуге уәде берген. Сөзіне берік демеушілер көп ұзамай бір отбасының арманын орындап, 2 млн 300 мың теңгеге төрт бөлмелі үйдің кілтін табыстаған.

«Балалармен далада қалған сәтімде пәтер жалдап сандалатын шығармын деп ойлаған едім. Алайда мейірімді жандар бар екеніне көзім жетті. Оларға деген ризашылығымды қалай жеткізерімді білмеймін. Әлеуметтік желілер арқылы қиындыққа тап болағымызды білген еріктілер мен спортшылар келіп, азық-түлік, киім-кешек ақшалай әкеліп ұстатты. Қасиетті Рамазан айы басталарда қиындыққа тап болған едік, Ораза айт мерекесін жаңа үйде қарсы алдық. Осы бір ай біз үшін үлкен сынақ болды. Ең бастысы, барлығы жақсы аяқталды», — дейді «Шарбақты-құс» фабрикасында жұмыс істейтін Эльмира Жасыбаева.

Айта кетерлігі, жаңадан қоныс аударған баспана толық жөндеуден өткен. Аулада жеке жазғы ас үй мен монша орналасқан. 

«Өрт орын алған кезде анам жылдам үш бауырым мен мені оятып алып, далаға алып шықты. Дереу өрт сөндірушілерге хабарластық. Олар жеткенге дейін үйдің айтарлықтай бөлігі жанып кетті. Сағат алты жарымға қарай от толығымен ауыздықталды», — дейді үй иесінің қызы Талшын Бикебаева.

Еске сала кетейік, Шарбақты ауданында, 6-маусымға қараған түні орын алған өрт көп балалы отбасының баспанасын жалмап кеткен болатын. Шамамен сағат түнгі бірдің кезінде Эльмира Жасыбаева төбеден тарс-тұрс оқ атқандай дауыстан шошып оянған. Ол кіреберіс есікке бет алғанында қызыл жалынның үйдің ішін шарпығанын және газ баллоны жарылғанын көрген. Абырой болғанда, үй іші дін аман қалды. Дәл сол күні Мойылды ауылында Подхозная көшесі, 5/1 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй иесінің қорасынан өрт шығып, өрт сөндірушілер келгенге дейін бір жылқы мен сегіз қой, 20 шақты тауық және үш қоян қызыл жалынның құрсауында қалған. Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы мамандарының пайымдауынша,  тілсіз жау отты абайсыз қолданудан  болған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0