пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Жаңа микронесиелеу бағдарламасы Алматы облысында қарқын алуда

Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорына жалпы сомасы 610 млн 385 мың теңге болатын 124 жоба келіп түскен, деп хабарлайды NewTimes.kz.

Кәсіпкерлер палатасының несие комитеті қазірдің өзінде 90 өтінімді қарап, оларды мақұлдап қойған.

«Комитет мүшелері жалпы сомасы 314 млн 600 мың теңгелік жобаларды мақұлдап отыр. Бүгінде кәсіпкерлерге 87 млн теңгеден астам сома берілді. Несиені Ақсу, Ескелді, Кербұлақ және Талғар аудандарындағы кәсіпкерлік субъектілері алды. Өзге аудандардың аграрийлері де ақшаның бөлінуін күтіп отыр», — дейді Несие комитетінің хатшысы, жобаларды қолдау бөлімінің басшысы Ерлан Датқаев.

Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы хабарлағандай, Талғар ауданы кәсіпкерлері көптен күткен несиелерін бірінші болып алғандар қатарында. Шаруа қожалығының басшысы Унчан Нурахуноваға өткен айда тамшылап суаруды қолға алу үшін 6 млн теңгелік несие мақұлданған. Талапты кәсіпкер бірнеше жыл бойы алма өсірумен айналысады және несиені де бірінші рет алып тұрған жоқ. Бұл қаражатқа Унчан Нурахунова қожалығын кеңейтпекші. Келесі жылы кәсіпкер алма бақтарын көбейтуді көздеп отыр.

Ерболат Досанов – микронесиелеу бағдарламасының тағы бір қатысушысы. АШҚҚҚ оған 2,7 млн теңгеге тең несие бермек. Кәсіпкер бұл ақшаны жаңа техника мен тұқымдар сатып алуға жұмсамақшы.

Ал Еркін Аққазы болса, несиенің берілуін күтіп жүр. «Әсет» шаруа қожалығының басшысы несиелеу шарттарымен келіскен және ҰКП тарапынан қолдау жалғасын табады деп үміттеніп отыр.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0